Ел ішінде діни құндылықтар дұрыс дәріптелуі керек. Ол үшін имамдар мен ұстаздардың сауатын арттыруға басымдық берілуі тиіс. Бүгін Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы өкілдерін қабылдауы кезінде Елбасы осылай деді. Нұрсұлтан Назарбаев саладағы жұмыстар Рухани жаңғыру идеясымен қабысуы керектігіне жеке тоқталды.
Ақордадағы бұл рухани кездесудің мәні бөлек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасының өкілдерімен кездесіп, өткір де өзекті мәселелерді талқылады. Мемлекет басшысы дін мәселесі біздің рухани байлағымыздың бір бөлшегі екенін жеткізді. Бұл ретте дәстүрлі рухани тамырымызды нығайта отырып, санамызды жаңарту шарт деп атап өтті Президент.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Өздеріңіз білесіздер дін мәселесі деген біздің рухани байлағымыздың бір тармағы болып саналады. Мемлекет бұған үлкен көңіл болып отыр. Әдейлеген мінекей министрлік құрылды. Көмектесу үшін, қарау үшін, ретке келтіру үшін. Мемлекет болғаннан кейін мемлекеттің ішіндегі жасалып жатқан жұмыстың әр тармағы тәртіпті болуы керек. Ол болмаса мемлекет те болмайды. Сол себепті сіздерге артылатын жауапкершілік үлкен болады. Біз өзіміздің дәстүрлі рухани тамырымызды нығайта отырып, санамызды жаңарту керек деген мен статья жаздым. Біздің патриоттығымыз, отан сүйгіштігіміз елдің ішіндегі, сыртындағы тыныштық болашағымыз болып саналады. Сол болашаққа бәріміз бірігіп жұмыс істеу керек. Әрине біздің тәуелсіздік жағдайында ұлан ғайыр жеріміз бар. Ол жердің ұлан ғайыр үлкен байлығы бар, ішіміздегі тыныштық бар. Оған ала көзбен қарайтындар аз емес. Жалпы қазақты ешкім жеңбеген. Ішінен ірітіп, жүз жүзге бөліп, жаулап алған. Тарих солай.
Асыл дініміздің атын жамылып, исламға еш қатысы жоқ біреулердің қоғамға іріткі салуы бәрімізді ойлантатыны анық. Саяси астар ұстанған әлгілердің әрекетінен зардап шеккендер аз ба. Елбасы осы орайда сыртқы күштердің ықпалында кетуден сақ болуды тапсырды. Сапсыйтып сақал қойып, бетті тұмашалау қазақтың салтында болмаған деп кесіп айтты Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Сондықтан біз ойлануымыз керек. Сырттан ықпал етудің бір тәсілі ол жат діни ілімдерді бізге тарту. Кейінгі кезде осындай ахуал бар. Қазіргі заманға сай болып жатқан тартыс сөз салыстыру, ара жігін білетін сауатты имамдар ғана елдің бетін бері қаратады. Зайырлы білімді білу керек. Сонда салыстыра келе біздің адамдарға түсіндіретін болады. Ендігі бір айтатын мәселе соңғы кезде өрімдей жас жігіттер сақалын сапсыйтып қойып, балақтарын шорт кесіп келеді. Бетін тұмшалап, бүркеп қап-қара көйлек киіп жүрген қыздардың қатары көбейді. Бұл біздің ұлтымызға да, сана сенімімізге де келмейді. Қазақта қара кию кісі өлгенде киеді. Үйдің иесі өлгенде қара жамылып отыр екен деп, не бала-шағасы қырылды екен деп. Әрине әркім не кием десе өз бостандығы бар. Бірақ ол басқа нәрсе. Мынау әдейлеп тұрып бізге қарсы шығатын, қазақты бөлетін құдай деген адамның жүрегінде болуы керек. Бетті тұмшалау шариғатта да жоқ. Біз дінімізбен бірге ұлттық дәстүрімізді мықты ұстауымыз керек. Біздің қыздарымыз атам заманнан бөрік киген, келіндері орамал салған, аналарымыз кимешек киген. Тағы да қайталап айтайын, қазақта шымқай қара киіну жаман ырым. Кісісі өліп, қара жамылды дегенді білдіреді. Сонда біздің жастарымыз осындай ата-бабамыздан қалмаған өсиетке қарай жүретін болса, еліміздің болашағы не болады. Біз оған жол бермейміз. Мына тәуелсіз елде оларды тайтаңдатып қояйық деп отырған жоқпыз. Бізге Қазақстанның бірлігі, болашағы кере көсіп өркендеуі керек. Жазықсыз жандардың қанын төгу, өмірін қию қай дін ақтай алады. Қазіргі болып жатқан сол.
Мемлекет басшысы мына жаһандану заманында жастарды барынша білімге тарту керектігін тілге тиек етті. Сәйкесінше жамағатқа сөзі өтетін имамдардың беделін көтеру маңызды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Жамағатқа сөзін өткізу үшін имамдардың беделін көтеру керек. Өздері инабаттылық пен тазалықтың үлгісін көтеру керек. Шетелге діни білім алуға кеткен кейбір жастардың жат ағымға түсіп, теріс идеяларды әкелу қауіпі бар. Енді алдап-сулап дүниеде әр нәрсеге қолы жете алмай қалған жұмыссыз жастарға біраз ақша беріп, алып кетіп соғысқа салып, қырылып жатыр онда. Егер де жаман жолға түсіп, экстремизімге түсетін болса, Қазақстанға қайтіп келмейді. Ата-аналары білуі керек. Барғаннан кейін өкініп, бармағын тістеп жатқаныдары да бар мен білемін оны.
Бүгінде Қазақстан мұсылмандары Діни қауымдастығында 3800 имам қызмет етеді. Ендігі меже имамдар тек діни іліммен ғана емес, зайырлы ілімді де жетік меңгеруі қажет. Керек десеңіз халықпен байланыс орнататын үлкен тұлғаға айналуы шарт.
Ержан Маямеров, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:
– Жалпы имам деген қандай болуы керек. Бүгінгі таңда жамағатымыз сауатты болып кетті. Солардың сұрақтарына, ұсынысына сай болуы үшін бүгінгі таңда имамға тек қана діни іліммен шектеліп қалу өте қиын. Солармен қоса, зайырлы ілімді меңгерген имам болуы керек. Жалпы болашақта XXI ғасырдың имамы осы дегендей болуы керек. Ол тек жаңағы діни саланы білу ғана емес, сыртқы, ішкі саясатты білетін халықпен етене байланысып кететін үлкен тұлғаға айналуы керек. Осы мақсатта біз осы құжатты қабылдап отырмыз. Бұл расында бүгінгі таңда имамдарымыз үшін маңызды деп айта аламын.Екінші құжат, сіз айтып кеттіңіз, Әбуханифа исламы. Дәстүрлі ислам. Қазақстандағы ата-бабамыз ұстанып келе жатқан мәзхаб. Біз оны өз деңгейінде жеткізу үшін келесі ұрпаққа келесі құжатты қабылдау керек.
Жиынға жиналған өкіл имамдарда Елбасы сөзін бір ауыздан құптап, бүгінді өңірлерде тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
Ахметжан Керімбек, ҚМДБ, ОҚО бойынша өкіл имамы:
– Жаңа өзіңіз де сөзіңізде айтып өттіңіз, біздің өзіміздің ұлттық санамыз бар. Өзіміздің менталитетіміз бар. Дербес салт-санамыз бар. Муфти Хазіретіміз де айтып өтті, яғни бізде қазір «Дін мен дәстүр» атты еңбек жарық көруде және біз осы 2014 жыл мен 2018 жыл аралығында діни қызметкерлер мен мешіт қызметкерлерінің ортасында осы «Дін мен дәстүр жылы» деп жарияланған болатын. Яғни бұның жақсы жемісі болатынын мен аңғардым. Өзіңіз айтқандай Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы өзінің салт санасы, өзінің дәстүрі, менталитеті ұйысқан, қалыптасқан орта болып саналады.
Кенжетай Дүйсенбай, ҚМДБ СҚО бойынша өкіл имамы:
– Қазіргі таңда мына оқу-бағдарламаңызға байланысты, Үндеуге байланысты, мынау «Серпін» бағдарламасымен көптеген балалар Солтүстік Қазақстанға шоғырланып жатыр университетімізге. Қозыбаев атындағы университетке өте көп келіп жатыр. Міне қазіргі біздің сол уақыттағы хазіреттің де тапсырмасы бізге сол болып тұр. Сол балалардың жат ағамның біріншіден жетегіне кетпес бұрын және ол балалар Қызылорда, Шымкенттен келгендер өте қазақи, тәрбиелі. Ата-анасының алдынан инабатты, тәрбиелі келген. Сондықтан да осы біздің облыс әкімшілігі болсын, өзіміз болсын сол жерлерге балаларымызды қайтадан осы оқу білімін алмай сол жерге шамамыз келгенше уағыз насихат қылып, қалыңыздар деген игі тілек айтып жатырмыз.
Мемлекет басшысы Қазақстан 1,5 млрд мұсылмандардың бір бөлшегі екен жеткізіп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тарқатты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Жиналған имамдарға салем айта барыңдар. Барша мұсылманға сәлемімді жеткізіңдер. Біз дүниежүзілік 1,5 млрд мұсылмандардың бір бөлшегі болып табыламыз. Құдайға тәубә тәуелсіздік алғаннан бері етек қолымызды өзіміз жинап, қазақтың өз болмысы ділі-тілі өзі бірге келеді. Барлығы түгел болмаса, ұлттың болмысы белгісіз. Тәуелсіздік алғаннан кейін бізді мұсылмандар қолдады. Әлі күнге дейін қолдап жатыр инвестиция тартып. Бүкіл мұсылман қауымының алдында біздің де міндетіміз бар. Көмектеріне ризашылықтарын білдіреміз. Рухани жаңғыруға байланыста комиссия жұмыс істейтін болады. Көптеген хат алып жатырмын. Өзіміздің ұлттық мәселеге қараймыз деп. Латын қаріпіне қатысты. Ғылымға бәсекеге қабілетті болуы. Барлығы елдің қамы. Біздің ішіміз тыныш. Барлығымен түсіністікпен келе жатырмыз. Ішкі тыныштықты сақтауымыз керек. Мен Қазақстанның елдігін қорғап отырған адаммын.
Авторы: Елдар Бақпаев ПТКК
24.KZ