«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Әйелдер-қыздар» секторы және «Әжелер мектебінің» ұйтқы болуымен әйел дәрігерлермен кездесу өтті. Жиынға Петропавл қаласындағы 3-ші қалалық емхананың терапевт бөлімінің меңгерушісі Зәуреш Әлімқызы, 1-ші қалалық емхананың әйелдер дәрігерлері бөлімінің меңгерушісі Бибігүл Ермекқызы және осы бөлімнің әйелдер дәрігері Гульмира Мұратқызы мен СҚО медициналық колледжінің аталмыш саладағы ұстазы қатысты. Кездесу барысында аталмыш сала бойынша дәрістер оқыды. Ал жастар тарапынан мазалаған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі