БАҚ-тағы дін жайы дөңгелек үстелде талқыланды

Астанада БАҚ өкілдері мен дінтанушыларға арналған «Дәстүрлі рухани құндылықтардың қазіргі қоғамдағы сабақтастығы және олардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану деңгейі» атты дөңгелек үстел өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жанындағы БАҚ-та діни тақырыпты жариялау бойынша Әдістемелік кеңестің Астана қалалық әкімдігі Дін істері басқармасымен бірлесе ұйымдастырған шарасына Кеңес құрамына кіретін БАҚ өкілдері, Дін істері комитеті қызметкерлері, белгілі дінтанушылар, сараптамалық қауымдастық және және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге отандық БАҚ тілшілері, оның ішінде: «Егемен Қазақстан»,«Казахстанская правда», «Айқын», «Вечерняя Астана», «Курсив» және т.б. республикалық және аймақтық БАҚ журналистері болды, сондай-ақ өзекті тақырыпты талқылауға «Қазақстан», «КТК», «Хабар», «Жетінші арна» тележурналистері мен «Ми5Ііт.К2»,«Зиппа.К2», «Е-ізІат.Кг» және т.б. ақпараттық-сайттардың діни БАҚ өкілдері де атсалысты.

Іс-шара барысында дәстүрлі рухани құндылықтардың мәні мен маңызын ашып көрсету, жандандыру және БАҚ арқылы кеңінен насихаттау мәселелерін талқылау көзделді. Осы орайда Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессор оқытушылары, белгілі дінтанушылар Әшірбек Мүминов, Кеңшілік Тышхан және Абдуссамат Махат, Ақбөпе Тілегенова сынды дінтанушы мамандар дін саласының БАҚ беттеріндегі жай-күйіне тоқталып, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Return to Top ▲Return to Top ▲