БАС МҮФТИ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САУД АРАБИЯДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясына жұмыс сапарының кестесіне сай бүгін осы елдегі Төтенше және Өкілетті Елші Берік Арынмен кездесті.

Кездесуде негізінен Сауд Арабиясында білім алып жатқан студенттердің тыныс-тіршілігі, екі ел арасындағы рухани байланыстар сөз болды.

Берік Сақбайұлы өз сөзінде студенттермен, оның ішінде діни бағытта білім алып жатқан шәкірттермен байланыс артқанын жеткізді.

Кездесу соңында елшілік пен Діни басқарма арасындағы байланысты тереңдету жайы сөз болып, тараптар ортақ жобаларды қолдайтынын мәлімдеді.

Return to Top ▲Return to Top ▲