Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктерінде басталған халықаралық конференцияға қатысты.
Әбу-Даби қаласында Шариғи пәтуалар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ғылыми жаңалықтарға шариғаттың көзқарасы: әдістемелік, практикалық, моральдық» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық конференцияда Біріккен Араб Әмірліктері Толеранттылық және қатар өмір сүру министрі Шейх Нахаян бен Мубарак Әл-Нахаян, БАӘ Пәтуа беру кеңесінің төрағасы Абдулла бен Бейа, Мысыр Араб Республикасының мүфтиі Шауқи Аллам, БАӘ Жарты қызыл ай ұйымының директорлар кеңесінің төрағасы Хамдан Мусаллам Әл-Мазруи арнайы баяндама жасады.
Басқосуда қазіргі ғылыми жаңалықтарға қатысты пәтуа шығару мәселесі талқылануда. Атап айтқанда, адам ағзасына смарт чиптерді енгізу мәселесіне қатысты шариғат көзқарасы жайлы пікір алмасулар өтуде.
Источник: muftyat.kz