БАС МҮФТИ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххатпен жүздесті. Кездесуге сондай-ақ НМУ проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев қатысты.

Кездесу барысында университеттің тыныс-тіршілігі, оқу бағдарламасы, ағымдағы жұмысы мен алдағы жоспары пысықталды. Университет түлектерінің білімі мен жұмысқа орналасу мәселесі де сөз болды.

Сондай-ақ болашақ исламтанушылардың қоғамдағы белсенділігі, шешім қабылдай білуі және жамағаттың ауызбіршілігіне қызмет етуі де баса айтылды.

Return to Top ▲Return to Top ▲