БАС ИМАМ ІС-САПАРМЕН ЕСІЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

 Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Әділбеков іс-сапармен Есіл ауданында болды. Сапар аясында аталған ауданның әкімі Медет Оспановпен жүздесіп, діни ахуал талқыға салынды.

Кейін Хамзат Қажымұратұлы аудан әкімдігінде жұмыс істейтін жас мамандармен жүздесті. Кездесу барысында өңірдің бас имамы жергілікті діни жағдай туралы жан-жақты айтып, 2022 жылға  арналған діни басқарманың жұмыс жоспарымен таныстырды.

Сондай-ақ аудандағы діни ахуалды талқылады. Кейін Хамзат Қажымұратұлы аудан орталығындағы мешітке барып, жергілікті жамағатпен кездесті. Қасиетті жұмада жұма уағызын жүргізді.

Return to Top ▲Return to Top ▲