8 наурыз аналар мерекесі қарсаңында Уәлиханов ауданындағы Өндіріс ауылының мешітінде орта мектеп оқушыларымен өткен кездесуде осы тақырып аясында әңгіме қозғалды. Ауданның бас имамы Ө. Шакенов , Кішкенекөл ауылының молдалары С. Мұкашев және Қ. Абдиров, мектеп директорының орынбасары Ж. Құдайқұлов қыз бала ертеңгі ана екенін, оларға құрмет, қамқорлық көрсетудің маңыздылығын түсіндірді.
Сондай-ақ, уағыз барысында ата-ананы сыйлау, құрметтеу, оларға қарсы келмеу, дауыс көтермеу туралы да айтылды. Ата-анаға жақсылық жасау Құранның Ниса сүресінің 36 аятында да айтылған және ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ата-ананы құрметтеу жөнінде көптеген хадистері бар.