Құран кәрімнің мәртебесі

Жаратушы Алла Тағаланың құлдарына деген  шексіз рақымдылығының айқын көрінісі – Құран кәрімнің адамзатқа тура жол көрсету үшін түсірілуі. Алланың соңғы сөзі әрі заңы болған Құран кәріммен біз қаншалықты жақынбыз. Киелі парақтарды соңғы рет қашан аштық?! Өмірімізде осы киелі кітаппен амал етудеміз бе?! Әлде үйіміздің бір түкпірінде сөрелеріміздің бірінде шаң басқан күйі жатыр ма?!

Ақиқатында Құран оқу басқа да құлшылықтар секілді Алла алдында пенденің абыройын өсіреді. Құран оқу адамның жүрегін тыныштандырып, шынайы өмірдің мәнін сездіреді. Алла тағала Құран кәрімде:

﴿ الَّذِينَ آَمَنُوا وَتَطْمَئِنُّ قُلُوبُهُمْ بِذِكْرِ اللَّهِ أَلَا بِذِكْرِ اللَّهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ ﴾

Сондай иман келтіргендер, Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады.[1]

            Құран оқығанда ләззат алуды қалаған пенде оқыған аяттарының мағынасына шамасы келгенше түсінгені абзал. Егер ондай байланыс орнамаса Құран оқу ләззатын сезе алмайды және жүрек тыныштығы нәсіп болмайды. Құран аяттарының мағынасына үңілген жындардың өзі ерекше сезімге бөленіп, иман келтірген. Алла тағала Құран кәрімде:

﴿… إِنَّا سَمِعْنَا قُرْآَنًا عَجَبًا * يَهْدِي إِلَى الرُّشْدِ فَآَمَنَّا بِهِ ﴾

Сонда жындар: «Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық» деді.(2) «Құран, бізді тура жолға салады. Енді соған иман келтірдік. [2]

Құран сөздердің ішінде ең сенімдісі, тақулар үшін бір тура жол. Алла тағала Құранда:

﴿ الم * ذَلِكَ الْكِتَابُ لا رَيْبَ فِيهِ هُدًى لِلْمُتَّقِينَ ﴾

«Әлиф Ләм Мим»(2) Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші[3].

            Басқа аятта:

﴿ إِنَّ هَذَا الْقُرْآَنَ يَهْدِي لِلَّتِي هِيَ أَقْوَمُ وَيُبَشِّرُ الْمُؤْمِنِينَ الَّذِينَ يَعْمَلُونَ الصَّالِحَاتِ أَنَّ لَهُمْ أَجْرًا كَبِيرًا ﴾ [الإسراء: 9]..

Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін сүйіншілейді.[4]

Құран кәрімнің ерекшеліктерінің бірі – Алла тағала оның қиямет күніне дейін сақталуына өзі кепілдікке алады. Оның қиямет күніне дейін бір сөзі, әріпі, үтіріне дейін өзгеруі мүмкін емес. Алла тағала Құран кәрімде:

: ﴿ إِنَّا نَحْنُ نَزَّلْنَا الذِّكْرَ وَإِنَّا لَهُ لَحَافِظُونَ ﴾

Расында Біз Құранды түсрірдік және Біз оны қорғаушымыз.[5]

            Құранның орны:

            Құранның мәртебесі жайында пайғамбарымыздың (с.а.у) көптеген хадистері бар. Шаһр ибн Хушибтен жеткен хадис бойынша пайғамбарымыз (с.а.у) айтты:

فضل كلام الله على كلام خلقه كفضل الله على خلقه»[3].

«Алланың кәләмі мен жаратылғанның кәләмінің деңгейі, Жаратушы мен оның мақұлықтарының деңгейіндей»[6] деген.

            Пайғамбарымыз (с.а.у) басқа бір хадисінде:

«خَيْرُكُمْ مَنْ تَعَلَّمَ الْقُرْآنَ وَعَلَّمَهُ

«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің»[7]

            Басқа бір хадисте:

وعن عائشة قالت: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم : «الماهر بالقرآن مع السفرة الكرام البررة والذي يقرأ القرآن ويتتعتع فيه وهو عليه شاق له أجران».

Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан көреміз: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады»[8], – деген.

Басқа бір хадисінде:

«إِنَّ لِلَّهِ أَهْلِينَ مِنْ النَّاسِ»، قَالُوا يَا رَسُولَ اللَّهِ: مَنْ هُمْ؟ قَالَ:»هُمْ أَهْلُ الْقُرْآنِ أَهْلُ اللَّهِ وَخَاصَّتُهُ».

Алла тарында екі түрлі топтағы адамдар бар. Сахабалар: «Алланың елшісі олар кім» деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Береуі Алланың достары Құран иелері, екіншісі қалғандары» деп жауап берді[9].

Құран оқылған жерге періштелердің жиналуы:

Муслим хадистер жинағында келген хадисте:

:»وَمَا اجْتَمَعَ قَوْمٌ فِي بَيْتٍ مِنْ بُيُوتِ اللَّهِ يَتْلُونَ كِتَابَ اللَّهِ وَيَتَدَارَسُونَهُ بَيْنَهُمْ إِلَّا نَزَلَتْ عَلَيْهِمْ السَّكِينَةُ وَغَشِيَتْهُمْ الرَّحْمَةُ وَحَفَّتْهُمْ الْمَلَائِكَةُ وَذَكَرَهُمْ اللَّهُ فِيمَنْ عِنْدَهُ» .

«Қандай да бір қауым Алланың үйінде жиналып Алланың Кітабын оқып, араларында үйренсе, оларға тыныштық түседі, Алланың мейіріміне бөлінеді, оларды періштелер қоршайды және Алла оларды қасындағылардың жанында еске алады.». [10]

Құран оқушыны қызғануға болады:

Ислам шариғаты кез келген адамға екінші бір адамның дүниесін, кәсібін, абыройын қызғануыға жол берілмейді. Тек екі жағдайда ғана қызғануға рұқсат етіледі. Ол жайында пайғамбарымыздың (с.а.у) мүбарак хадисінде:

«لَا حَسَدَ إِلَّا فِي اثْنَتَيْنِ رَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ الْقُرْآنَ فَهُوَ يَتْلُوهُ آنَاءَ اللَّيْلِ وَآنَاءَ النَّهَارِ وَرَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ مَالًا فَهُوَ يُنْفِقُهُ آنَاءَ اللَّيْلِ وَآنَاءَ النَّهَارِ».

«Тек екі нәрседе ғана қызғаныш танытуға болады. Алла Тағала Құран беріп, онымен күні-түні құлшылық жасаған және Алла Тағала мал-дүние беріп, күні-түні қолындағы дүниесімен қайырым-дылық еткен кісіге»[11].

Ақыреттергі сауабы шексіз

Алла тағаланың алдында мұсылманның деңгейі Құран кәрімнің қаншалықты білгеніне байланысты. Пайғамбарымыздың (с.а.у) мүбәрак хадисінде:

«يُقَالُ لِصَاحِبِ الْقُرْآنِ: اقْرَأْ وَارْقَ وَرَتِّلْ كَمَا كُنْتَ تُرَتِّلُ فِي الدُّنْيَا فَإِنَّ مَنْزِلَتَكَ عِنْدَ آخِرِ آيَةٍ تَقْرَؤُهَا

«Құран иесіне (Құран оқып жаттаған адам) былай  делінеді:  Оқы  және  жоғарыла  (төрлет),  оқы,  дүниеде қалай оқыған болсаң дәл солай оқы, расында, сенің орның ең ақырғы оқылатын аятта»[12] 

Сауаптар үздіксіз жазылып тұрады

وعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم قَالَ:»إِذَا مَاتَ الْإِنْسَانُ انْقَطَعَ عَنْهُ عَمَلُهُ إِلَّا مِنْ ثَلَاثَةٍ؛ إِلَّا مِنْ صَدَقَةٍ جَارِيَةٍ أَوْ عِلْمٍ يُنْتَفَعُ بِهِ أَوْ وَلَدٍ صَالِحٍ يَدْعُو لَهُ».

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте пайғамбарымыз (с.а.у) айтты: « Егер адам баласы бұл өмірден өтсе, амал дәптері тоқтайды. Тек үш жағдайда ғана амал дәптері жазыла береді: Жария берілген садақа, пайдаға асқан ілім және дұға жасайтын салихалы ұрпақ»[13].

Құранға жақын болуға байланысты адамдардың түрлері:

روى البخاري عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ عَنْ النَّبِيِّ صلى الله عليه وسلم قَالَ: «مَثَلُ الْمُؤْمِنِ الَّذِي يَقْرَأُ الْقُرْآنَ كَالْأُتْرُجَّةِ طَعْمُهَا طَيِّبٌ وَرِيحُهَا طَيِّبٌ، وَالَّذِي لَا يَقْرَأُ الْقُرْآنَ كَالتَّمْرَةِ طَعْمُهَا طَيِّبٌ وَلَا رِيحَ لَهَا، وَمَثَلُ الْفَاجِرِ الَّذِي يَقْرَأُ الْقُرْآنَ كَمَثَلِ الرَّيْحَانَةِ رِيحُهَا طَيِّبٌ وَطَعْمُهَا مُرٌّ وَمَثَلُ الْفَاجِرِ الَّذِي لَا يَقْرَأُ الْقُرْآنَ كَمَثَلِ الْحَنْظَلَةِ طَعْمُهَا مُرٌّ وَلَا رِيحَ لَهَا» .

Әбу Муса  (р.а.) айтады: Алла Елшісі ﷺ айтты: «Құран оқушы мүмин — тамаша иісті және дәмді, тәтті лимон секілді. Ал Құран оқымайтын мүмин — иісі жоқ, бірақ дәмді, құрма секілді. Құран оқитын екіжүзді — хош иісті, бірақ дәмі ащы райхан секілді. Ал Құран оқымайтын екіжүзді — иісі де жоқ, дәмі де ащы колоквин секілді»[14].

Құранды үздіксіз оқудағы мақсат не?

Құранды үздіксіз оқудағы мақсат – Құран аяттарының мағынасына үңілу, ой жүгірту, Алланың бізге бұйырғанын орындап, тыйымдарынан алыс болу. Осыны орындаған адамдар жайында Алла тағала Құран кәрімде:

﴿ الَّذِينَ يَسْتَمِعُونَ الْقَوْلَ فَيَتَّبِعُونَ أَحْسَنَهُ أُولَئِكَ الَّذِينَ هَدَاهُمُ اللَّهُ وَأُولَئِكَ هُمْ أُولُو الْأَلْبَابِ ﴾

            Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілесетіндер, міне солар, Алла өздерін тура жолға салғандар. Ал міне солар, ақыл иесі.[15]

            Яғни адам баласы Құран оқуды барлық ережелерге сай үйреніп машықтанған болса, ол бұл жетістігімен тоқтамай Құран тілі араб тілін оқу арқылы Құранға деген жақындығын сол арқылы Аллаға деген жақындығын көрсете білуі қажет. Өйткені түпкілікті мақсат Құран аяттарын түсіну соған сай амал жасау. Құранды түсініп оқу барша мұсылман үшін намаздағы тағаттылықты күшейтсе, ақыл иелері үшін бір үгіт насихат. Алла тағала Құран кәрімде:

﴿ كِتَابٌ أَنْزَلْنَاهُ إِلَيْكَ مُبَارَكٌ لِيَدَّبَّرُوا آَيَاتِهِ وَلِيَتَذَكَّرَ أُولُو الْأَلْبَابِ ﴾

(Мұхаммед Ғ.С.) саған бір мүбарак Кітап түсірдік; аяттарын түсінсін әрі ақыл иелері үгіт алсын[16]

[        Құранның бір әріпін оқу он сауапқа тең:

فقال رسول الله صلى الله عليه وسلم: «مَنْ قَرَأَ حَرْفًا مِنْ كِتَابِ اللَّهِ فَلَهُ بِهِ حَسَنَةٌ وَالْحَسَنَةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا لَا أَقُولُ: (الم) حَرْفٌ وَلَكِنْ أَلِفٌ حَرْفٌ وَلَامٌ حَرْفٌ وَمِيمٌ حَرْفٌ».

Ибн Мәсғуд (р.а.) Пайғамбарымыздың ﷺ айтқаның келтіреді: «Кімде- кім  Алланың  кітабынан  бір  әріп  оқыса  – бір сауап, ал бір сауап он сауапқа тең. Әлиф-ләм-мим («Бақара» сүресінің басы) бір әріп деп айтпаймын, әлиф бір әріп, ләм бір әріп, мим бір әріп»[17].

«Құран ол Алланың бір үлкен дастарханы, шамаларың келгенше сол дастарханнан дәм татып қалыңдар деп, Пайғамбарымыз (с.а.у) айтқандай, Құран оқу біздерден көп күшті талап етпейді. Бір әріптің өзінде он сауап десек, 300000 нан астам әріпі бар  Құранды он еселесек, 3 млн-нан асып кетеді. Бұл  жай күнде оқығанның сауабы рамазан айларында оқысақ, оның сауабы онан да көп болары анық.Егер әр намаздың алдында артында екі беттен оқып отырсақ, бір күнде бір пара, бір айда бір қатым түсіруге шамамыз келер еді. Алла тағала біздерді Құранды, түсініп амал етуші құлдардан қыла көр!

 

«Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы

Әділбеков Хамзат

[1] Рағд сүресі, 28-аят

[2] Жын сүресі 1-2 аяттар

[3] Бақара сүресі, 1-2 аяттар.

[4] Исра сүресі, 9-аят.

[5] Хижр сүресі, 9-аят.

[6] Сунан Дәрімидің хадистер жинағында келген.

[7] Бұхари хадистер жинағы

[8] Муслим хадистер жинағы

[9] Ибн Мәджә хадистер жинағы

[10] Муслим хадистер жинағы

[11] Бұхари хадистер жинағы

[12] Ахмад хадистер жинағы

[13] Муслим хадистер жинағы

[14] Бұхари хадистер жинағы

[15] Зумәр сүресі, 18-аят.

[16] Сад сүресі, 28-аят.

[17] Тирмизи хадистер жинағы.

Return to Top ▲Return to Top ▲