Новоишимка ауылындағы Мәуліт мерекесі

Өңіріміздегі Ғабит Мүсірепов ауданының Новоишимка ауылында пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.)-ның туылған  күні Мәуліт мерекесі өткізілді.

         Бұл шара шеңберінде «Мұхсин» мешітінің бас имамы Құрсақов Абылай Құрмашұлы мен Ғабит Мүсірепов ауданының бас имамы Байсембаев Сейфолла Жахияұлы «Жұманқожа» орталық аудандық мешітінде  жамағатқа тартымды уағыз-насихат айтты.

Игі шара барысында Аллаһ елшісі (с.а.у.)-ға салауат айтылып, діни өлеңдер оқылды.

Сонымен қатар, айтыскер ақындар да өздерінің өнерлерімен көпшілікті тамаша әсерге бөледі.

         «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲