ҚМДБ: БИЫЛ РАМАЗАН АЙЫ 23 НАУРЫЗДА БАСТАЛАДЫ

Наурыз 15th, 2023

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айына орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді

ҚМДБ Төрағасы мұсылман үмметі үшін ұлық саналған Рамазан айы жайлы баяндап, журналистердің сұрағына жауап берді. «Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

ҚМДБ: РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Наурыз 15th, 2023

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Рамазан айына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтті. Алда келе жатқан Рамазан айына дайындықты пысықтау мақсатында өткен мәжіліске наиб мүфтилер, Бас мүфти кеңесшілері, бөлім басшылары және облыс бас имамдары қатысты. Жиында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы баяндама жасап, ұлық айда атқаратын жұмыстарды жүйелеп, тыңғылықты дайындық жасап, оразаның қадір-қасиетін жамағатқа көбірек насихаттауға шақырды.

«Рамазан – Алла Тағаланың мұсылмандарға берген ұлы сыйы, нығметі. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетін: «Бұл айда жәннат есіктері ашылады. Ораза тұтқан адамның алдыңғы және кейінгі күнәлары кешіріледі», – деп сүйіншілеген. Біз, Рамазанда Хаққа да, халыққа да қызмет етеміз. Рамазан айында адамдарға көп жақсылықтар және мүмкіндіктер беріледі. Бұл – шынайы құлшылық жасап, Алланың разылығын алуға, сонымен қатар халқымызға қызмет етіп, адамдардың алғысын алуға берілген үлкен мүмкіндік маусымы! Сондықтан өзімізге берілген міндеттер мен жауапкершілікті жанашырлықпен, ықыласпен, ихсанмен орындауымыз керек. Қасиетті айда Алланың разылығы мен халықтың алғысын алу баршамызға нәсіп болсын. Осы жолда Алла бәрімізге күш-қуат, рухани бірлік берсін!» деді Бас мүфти.

Бұдан кейін наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы пітір садақасы, зекет, підияның биылғы мөлшері, Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков Құран хатым оқу топтарын бекіту, қариларды мешіттерге бөлу, тарауық намазын өткізу, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Рамазан айында дәрістер, уағыз-насихаттарды көбірек ұйымдастыру, Ақпарат бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы оразада орындалатын медиа жоспар, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсат Қайырғалиев қайырымдылық іс-шаралары жайлы баяндама жасады. Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы Рамазан айында

атқарылатын жалпы жұмыстарды таныстырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды көрісу күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Наурыз 15th, 2023
«Барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен.

Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі.

МЕШІТТЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ БАСТАЛДЫ

Наурыз 15th, 2023

2005 жылы ресми түрде ашылған мешіттің 2-3 қабаттарына 18 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жасалмаған. Осы жылдың басында басталған күрделі жөндеу жұмыстары Алла қаласа рамазан айына дейін аяқталатын болады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мүбарак хадисінде: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды», деген. Демек, мешіт салу, мешітті көркейту – сауабы үзілмейтін садақаның түрі.
Осы игі шараға атсалысып жүрген өңір азаматтарына Алла разы болсын! Алла кәсіптеріне береке, жанұяларына амандық берсін!

Түркияның зілзаладан бүкіл ғимараты қоқыс үйіндісіне айналған апатты аймағында жалғыз мешіт қирамаған

Наурыз 1st, 2023

Түркияның Хатай қаласында жалғыз ескі ақ мешіт қана  құламаған, ешқандай бөлігіне зақым келмеген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен бірнеше қала адам тұруға жарамайтын жағдайға жетті. Сондай қалалардың бірі, Хатайда дерлік барлық ғимарат қоқыс үйіндісіне айналған. Бір ғана мешіт құламай, аман қалған.

100-ден аса мешіт орналасқан қалада бұл ақ мешіттің аман қалуы оның ең алғаш салынғаны және сапалы құрылыс материалдарынан қаланып, негізінің мықты болуы себеп болғанын айтып жатыр ондағы қазақ еріктілері.

Ақпарат islam.kz сайтынан алынды.

Return to Top ▲Return to Top ▲