Өңіріміздегі өзге дін өкілдері «Қызылжар» облыстық орталық мешітіне арнайы келіп, мұсылман қауымды құттықтады Мұсылмандар үшiн қасиеттi Рамазан айымен қимай қоштасатын сәт биыл жұма күніне дөп келді. Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бiрлiк, мейiрiм мен қайырымдылық айы болса, Ораза айты – екіұлық мерекенің бірі.
Осыған орай өңіріміздегі басқа дін өкілдері «Қызылжар» облыстық орталық мешітіне арнайы келіп, мұсылман қауымды құттықтады. Дінбасылардың әңгімесіне еліміздегі ұлтаралық татулық, халықтардың тату тәтті тұрмысы арқау болды.