«Қызылжар» орталық мешітінде діни сауатын жетілдіріп жүрген әйелдер әрқашан белсенді. Бүгін әйел-қыздар секторы «Тәрбиелі қыз» атты тақырыпта шара ұйымдастырды. Шәкірт әйелдердің тамаша бір іс тындырғаны бұл күні мәлім болды. Олар пайғамбардың (с.ғ.с) зайыптарына Құран хатым түсірді. Осы шарада Құран хатым бағышталды.
Содан кейін пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жұбайлары жайлы ақпарат берілді. Аталмыш мешіт ұстазы Саида Сейдалиева «Әйелдердің исламдағы орны» жайында хабарлама жасады. Бұл күні шәкірт әйелдер келін мен ене және адасқандар туралы сахналық көріністер көрсетті.
Шара соңында мешіт ұстазы түткілді мәселелердің шешімін айтты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі