Қызылжар өңіріндегі Құрбан айт

Мұсылмандардың ұлық мерекесі құрбан айт өңірімізде ерекше қарқынмен аталып өтті. Жылдағы ислами үрдіс бойынша  таң сәріден «Қызылжар» орталық мешітінен шыққан тәкпір үні еріксіз қала тұрғындарын өзіне тартты. Бұл айтулы мерекеге облыс әкімі Ерік Хамзаұлы арнайы келіп, қызылжар жұртшылығын құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Айта кету керек ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен 2014 жыл елімізде «Дін мен дәстүр» жылы болып жарияланған еді. Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында «Қызылжар» орталық мешітінде әртүрлі спорт, мәдени шараларын ұйымдастырылды. Атап айтқанда күрес, тоғыз құмалақ, дойбы, шахмат, гір көтеру, асық ойнау, арқан тарту, қол күрес ойындары ойнатылып, жеңімпаздарға мақтау қағаздарымен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.20141004_115717 DSC00504

Ұлтаралық, дінаралық келісімнің нышаны ретінде мешітімізге өзге дін өкілдерінің басщылары арнайы келіп  құрбан айт мерекесімен құттықтады.

DSC00532

Айттың екінші күні Петропавл қаласындағы «Сәбит Мұқанов» атындағы қазақ театрында айттың құрметіне орай «Имандылық ел тірегі» тақырыбында рухани кеш өтті.

Бұл ұлық  мерекеде жетім жесірлер мен жағдайы төмен отбасылар да сырт қалмады. Арнайы дастархан жайылып, имани уағыздар айтылды.

Return to Top ▲Return to Top ▲