ЖУЫРДА «ЖАНАЗА» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ (ФОТО)

Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өтіп жатқан ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің ХІІ отырысында «Жаназа» кітабының мәтіні талқыланды.

Ғұламалар Кеңесі мүшелерінің атсалысуымен әзірленген кітапта жаназаға қатысты үкімдер топтастырылған. Сонымен қатар, қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі жан-жақты жазылған.

Бас мүфти мәлімдегендей, «Жаназа» кітабын шығарудағы негізгі мақсат – еліміз бойынша діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа жол бермеу, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу.

Сонымен қатар, «Жаназа» кітабы еліміздегі имамдарға үлестіріліп, еңбекте көрсетілген үкімдер аясында діни рәсімдерді орындау көзделген.

www.muftyat.kz

 DSC_0028 DSC_0008 DSC_0076

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲