Облысымыздағы Ақжар ауданының Талшық ауылындағы «Жеткіншектер үйінде» жетім балаларға қайырымдылық жасалды.
Атап айтсақ, оған «Үлкен-Қарой» мешітінің атынан демеушілік білдіртіп Талшық ауылының тұрғыны Қанат Хасенов деген азамат қайырымдылық іс-шараға бір қой шығарып, жеткіншектер үйіндегі әр ұлттан құралған 13 жетім балаға қайырымдылық ретінде табыстады.
Кездесу барысында оларға отансүйгіштік жайлы, халқына қызмет жасау, үлкенге құрмет, кішіге ізет, және экстремизм туралы уағыз-насихат айтылды.
Екі дүниенің сардары, пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у.): «Жетімнің басын еркелете сипаған кісіге қолының тиген жеріндегі шаштардың санындай сауап жазылады»,- деген. Осы орайда мұндай қайырымдылық шаралар ізгі іс болып саналады.
«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі