Облысымызда қыркүйек айының 7-11 аралықтарында РАНТ мүшесі, Алматы орталық мешiтiнiң наиб имамы Нұрмұхамед Иминов және ЖУНТ мүшелері «Қызылжар» орталық мешiтiнiң бас имамы Дүйсенбай Кенжетай Байкемелұлы, «Қызылжар» орталық мешiтiнiң наиб имамы Бақтығали Тұяқбаев, «Қызылжар» орталық мешiтiнiң наиб имамы Исаев Қасымхан облыс тұрғындары, университет, колледж студенттерімен кездесті.
Атап айтқанда, 7-8 қыркүйекте облысымыздың теріскей бөлігінде орналасқан Ақжар, Уалиханов, Тайынша аудандарының тұрғындарымен кездесіп, Ленинград ауылындағы ауыл-шаруашылық колледжінде студенттермен кездесті. 9-10 күндері Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң студенттерiмен, темiржол, сауда-экономикалық, кәсiби-педагогикалық колледж, спортта дарынды балаларға арналған интернат оқушыларымен, мемлекеттiк мекемелер қызметшiлерiмен, облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық мешiт жамағатымен кездесулер өткiзiлдi. Кездесулер барысында дәстүрлi ислам Әбу Ханифа мәзхабының негiзгi құндылықтары, еліміздегі жат ағымдардың кесірі турасында кеңінен әңгіме қозғалды.