«Қызылжар» орталық мешітінде осы мешіттің ұстазы Ажар Батырова «Имандылық – бақытты болашақтың кілті» деген тақырыпта өзінен тәлім алып жүрген шәкірттерінің аналарына арналған тренинг өткізді. Онда «Балаға қалайша үлгі болуға болады», «Каникул кезінде баланы қайда оқуға беруге болады», «Баланы қоғамның теріс ықпалынан қалай қорғауға болады» және басқа да сұрақтар бойынша әңгіме қозғалды. Бұл шараға мешіттің «Әжелер мектебінің» өкілдері де қатысты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі