ШӘКІРТТЕРГЕ – ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы бойынша «Зекет» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облысының жоғары және арнаулы білім беру ұйымдарында оқитын әлеуметтік қолдауға мұқтаж екі студентке шәкіртақы тағайындалды. СҚО «Зекет» қоры атынан  қалалық «Қызылжар»  мешітінің бас имамы Қасымхан Исаев  аталған қолдауға ие болғандардың бірі – Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінің студентімен кездесіп, қаражатты  табыстады. Жергілікті  «Зекет» қорының екінші шәкіртақысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тумасына тағайындалып отыр.

Return to Top ▲Return to Top ▲