Шүкіршілік

Алла Тағаланың адам баласына бұйырған құлшылықтың бірі – шүкіршілік. Ол жайлы Алла Тағала Құран Кәрімде:

فَاذْكُرُونِي أَذْكُرْكُمْ وَاشْكُرُوا لِي وَلَا تَكْفُرُونِي[1]

«Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкіршілік қылыңдар да қарсы болмаңдар»,-дейді.

Шү­кір – жа­ра­ты­лыс­тың сы­ры, шү­кір – дү­ниенің мәйегі, шү­кір – адам­дық­тың рә­мі­зі, шү­кір ету – пен­де­нің ең үл­кен мін­де­ті. Шү­кір – жақ­сы­лық иесі­не жақ­сы­лы­ғы үшін қа­рыз­дар еке­нің­ді се­зі­ну, оның ал­дын­да бас иіп, ал­ғыс-рақ­ме­тің­ді біл­ді­ру.

Мі­не, жа­ра­ты­лыс­та шү­кір осын­ша­лық­ты ма­ңыз­ды бо­ла тұ­ра, өкі­ніш­ті­сі, адам ба­ла­сы­ның кө­бі бұл қа­сиет­тен ма­құ­рым. Құ­ран Кә­рім бұл шын­дық­ты: «Құл­да­рым­ның ара­сын­да шү­кір ету­ші­лер өте аз», – деп ес­кер­те­ді.

Адам баласы – Алла құзырында дәрежесі өте жоғары жаратылыс. Құранда:

هُوَ الَّذِي جَعَلَكُمْ خَلَائِفَ فِي الْأَرْضِ فَمَنْ كَفَرَ فَعَلَيْهِ كُفْرُهُ[2]

«Ол сондай Алла сендерді жер жүзінде орынбасар қылды. Сонда кім қарсы келсе, қарсылығының обалы өзіне»,-делінеді. Тағы бір аятта:

وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِي آدَمَ وَحَمَلْنَاهُمْ فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ وَرَزَقْنَاهُمْ مِنْ الطَّيِّبَاتِ وَفَضَّلْنَاهُمْ عَلَى كَثِيرٍ مِمَّنْ خَلَقْنَا تَفْضِيلًا[3]

«Расында Адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ, оларды құрлықта да, теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Һәм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрлым артық жараттық». Енді бір аятта адамзат баласының шүкір етуге лайықты өте ардақты етіп жаратылғаны жайлы былай делінеді:

اللَّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَأَنزَلَ مِنْ السَّمَاءِ مَاءً فَأَخْرَجَ بِهِ مِنْ الثَّمَرَاتِ رِزْقًا لَكُمْ وَسَخَّرَ لَكُمْ الْفُلْكَ لِتَجْرِيَ فِي الْبَحْرِ بِأَمْرِهِ وَسَخَّرَ لَكُمْ الْأَنهَارَ. وَسَخَّرَ لَكُمُ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ دَائِبَيْنِ وَسَخَّرَلَكُمُ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ

«Сондай Алла (Т.) көктер мен жерді жаратып, аспаннан жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендерге ризық үшін өнімдерді шығарды. Онымен қатар өз әмірімен теңізде жүргізу үшін кемелерді еріктеріңе берді. Әрі өзендерді де сендерге бағындырды. Ол Алла (Т.) сендердің пайдаларың үшін, тұрақты түрде күн мен айды іске қосып, түн мен күндізді де іске қосты. Әрі сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрінен берді. Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында адам баласы өте ынсапсыз, аса шүкірсіз» [4].

Құран аяттарында:

أَلَمْ تَرَوْا أَنَّ اللَّهَ سَخَّرَ لَكُمْ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ وَأَسْبَغَ عَلَيْكُمْ نِعَمَهُ ظَاهِرَةً وَبَاطِنَةً وَمِنْ النَّاسِ مَنْ يُجَادِلُ فِي اللَّهِ بِغَيْرِ عِلْمٍ وَلَا هُدًى وَلَا كِتَابٍ مُنِيرٍ[5]

«Көрдіңдер ме? Рас Алла (Т.) сендерге көктердегі, жердегі нәрселерді бой ұсындырды. Және сендерге көрнеу, көмес нығметтерін толықтасырды. Сонда да ешбір білімі, тура жолы не нұрландырушы кітабы болмаған кейбір адамдар, Алла жайында таласады»,-делінеді. Келесі аятта, адам баласының тым аз шүкір ететіні турасында былай делінеді:

وَلَقَدْ مَكَّنَّاكُمْ فِي الْأَرْضِ وَجَعَلْنَا لَكُمْ فِيهَا مَعَايِشَ قَلِيلًا مَا تَشْكُرُونَ[6]

«Расында сендерді жер жүзіне орналастырып өздеріңе онда күн көрістер жасадық. Нендей аз шүкір етесіңдер».

وَاللَّهُ أَخْرَجَكُمْ مِنْ بُطُونِ أُمَّهَاتِكُمْ لَا تَعْلَمُونَ شَيْئًا وَجَعَلَ لَكُمْ السَّمْعَ وَالْأَبْصَارَ وَالْأَفْئِدَةَ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ[7]

«Алла (Т.) сендерді аналарыңның қарнынан еш нәрсе білмейтін түрде шығарды да сендерге есту, көру және ойлау қабілетін берді. Әрине шүкіршілік етерсіңдер». Ендеше, шүкір ету – әрбір момынның білуі, атқаруы тиіс болған ғибадаттың бірі, мұсылманшылық әдептердің бір ұстыны.

Алла Тағаланың кеңшілігі мен мейір-рахметі сондай, Ислам дінінде дәріптеліп, талап етілетін бір құлшылықтың өзінің сан алуан түрі мен формасы болады. Күнделікті өмірде адам баласына шүкіршілік етудің өзін әртүрлі, сан алуан формада жүзеге асыруына болады. Мәселен; жүрекпен шүкір ету, тілмен шүкір ету және амалдармен шүкір ету.

Жүрекпен шүкір ету

Әрбір нығметтің Алладан берілетіндігіне және адамдардың әрекеті себепкер екеніне кәміл сену – жүрекпен жасалатын құлшылық. Адамды Алла Тағаланың жаратқаны баршамызға аян. Ендеше, адамға берілетін әрбір артықшылық пен түрлі нығметтер де Алла тарапынан беріледі деген сөз. Әлбетте, адам жаңғалақ. Кейде жаңғақатығынан ризықтың қайдан келіп жатқанын ұмытып, қандай да бір нығметке қол жеткізсе өзі жеткендей сезімде болады. Ал, мұсылман адам өмірдегі барлық нығметтерінің Алладан екенін мойындап, бойұсынады. Ол туралы аяттар былайша баяндайды:

فَإِنَّهُمْ عَدُوٌّ لِي إِلَّا رَبَّ الْعَالَمِينَ.الَّذِي خَلَقَنِي فَهُوَ يَهْدِينِي. وَالَّذِي هُوَ يُطْعِمُنِي وَيَسْقِينِي. وَإِذَا مَرِضْتُ فَهُوَ يَشْفِينِي. وَالَّذِي يُمِيتُنِي ثُمَّ يُحْيِينِ. وَالَّذِي أَطْمَعُ أَنْ يَغْفِرَ لِي خَطِيئَتِي يَوْمَ الدِّينِ[8]

«Әлемдердің Раббынан басқа, олар менің дұшпаным. Ол, мені жаратқан, маған тура жол көрсетеді. Ол, маған жегізеді де, ішкізеді. Ол, қашан ауырсам, маған шипа береді. Ол, мені өлтіреді де, сонсоң тірілтеді. Ол сондай Алла, киямет күні қателерімді жарылқауын үміт етемін».

Иә, адам ба­ла­сы кіш­ке­не ой­ла­нып-тол­ған­са, өзін қор­ша­ған қай нәр­се­нің бол­ма­сын Аллаһ та­ра­пы­нан ар­найы әзір­ле­ніп, адам ба­ла­сы­ның қыз­ме­ті­не ұсы­ныл­ға­нын тү­сі­не­рі сөз­сіз. Тіп­ті, өзі­нің жоқ­тан бар еті­ліп, тір­ші­лік иесі бо­луының өзі ба­ға жет­пес нығ­мет. Бі­рақ, бір қынжылтаты­ны, бұл нығ­мет­тің қа­ді­рін же­те тү­сі­ніп, Жара­ту­шы­сы­на де­ген шү­кі­рі­нен жа­ңыл­май­тын тір­ші­лік иесі өте аз.

Мы­са­лы, дар­ға асы­лай­ын деп тұр­ған же­рі­нен бір адам­ды екін­ші бір адам құт­қа­рып қал­са, өлім аузы­нан қайт­қан адам өмі­рі­не се­беп бол­ған әл­гі адам­ға: «Мен саған бұ­дан бы­лай қа­рыз­дар бо­лып өте­мін, – деп оның ал­дын­да құ­рақ ұша­ды. Іс­те­ген бір ға­на жақ­сы­лы­ғы үшін бас иіп, өмір бойы ізет біл­ді­ре­рі сөз­сіз. Ал ен­ді біз­ді жоқ­тан бар етіп жа­ра­тып, әр ауа жұ­тып, ты­ныс ал­ған сай­ын біз­ді бір өлім­нен құт­қа­рып, бір өмір сый­ла­ған Жаратушымыз­ды ұмыт қал­ды­рып, жақ­сы­лы­ғы үшін ал­ғы­сы­мыз­ды біл­дір­меуі­міз дұ­рыс па?

Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың адам­ға бер­ген жақ­сы­лық, нығ­мет­те­рі шек­сіз. Құ­ран­да: «Егер Аллаһ­тың сен­дер­ге бер­ген нығ­мет­те­рін са­на­саң­дар, са­нап тауыса алмайсыңдар», – делінеді.

Біз, адам ба­ла­сы, денсау­лық­тың, әр­бір он екі мү­ше­міз­дің ба­ға жет­пес нығ­мет еке­нін ой­лап, қа­ді­рін тү­сін­дік пе? Олар­ды біз­ге те­гін бер­ген Раб­бы­мыз­ға рақ­ме­ті­міз бен ал­ғы­сы­мыз­ды біл­ді­ріп, Оған қа­рыз­дар еке­ні­міз­ді сездік пе? Шын­ды­ғын­да, біз­ге бұл сұ­рақ­қа жауап бе­ру оңай­ға соқ­па­са ке­рек.

Егер біз­ге бі­реу мил­лион ақ­ша сый­ла­са, оған рақ­ме­ті­міз­ді жауды­рып, ал­дын­да құ­рақ ұша­мыз. Ал, ен­ді бір қолы­мыз шо­лақ бол­са, мей­лі мил­лиард­та­ған жыл жұ­мыс істеп, трил­лион ақ­ша тап­сақ та Аллаһ­тың біз­ге те­гін бер­ген сау қо­лын са­тып ала ала­мыз ба? Са­тып ала ал­ма­сақ, не­ге біз трил­лион ақ­ша жұм­сап қол жет­кі­зе ал­май­тын әрбір мү­ше­міз­ді біз­ге те­гін сый­ла­ған Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­ға ал­ғыс-рақ­ме­ті­міз­ді біл­дір­мей­міз? Не­ге «Аллаһу әк­бар» деп сәж­де­ге бас ұр­май­мыз?

Иә, тіп­ті іш­кен-же­ген асы­мыз­ды та­би­ғи жол­мен сырт­қа шы­ға­ру­дың өзі де Ұлы Ие­міз­дің үл­кен жақ­сы­лы­ғы. Оның қа­ді­рін ұғу үшін бұл нығ­мет­тен мақ­рұм ауру­ха­на­лар­да­ғы жан­дар­ды ба­рып кө­ріп, атал­мыш нығ­мет­тің қа­ді­рін тү­сі­нейік! Тү­сі­ніп, Раб­бы­мыз­ға қа­рыз­дар еке­ні­міз­ді шын жү­рек­тен се­зі­нейік

Енді бір аятта Алла Тағала әрбір еңбекті зая жібермейтіні жайлы баяндап былай дейді:

وَأَنْ لَيْسَ لِلْإِنسَانِ إِلَّا مَا سَعَى[10]

«Адамзат; еңбегіне қарай ғана табысқа ие болады».

 

Тілмен болған шүкір

Тілмен шүкір ету дегеніміз «Аллаға шүкір (Әлхамдулилла)», «Шүкіршілік», «Осыны берген Аллаға мың шүкір» деген секілді сөздерді айту арқылы берілген нығыметтердің Алладан екенін мойындап, әрдайым шүкір етіп жүру.

Құран Кәрімнің анасы, бастауыш сүре – «Фатиха» сүресінің өзі «Барлық мақтау әлемдердің Раббысы болған Аллаға тән» деп, Аллаға мадақ айтып, шүкіршілік етумен басталады. Бұл сүренің әрбір намаздың әр рәкағатында қайталанатынын ескерсек, тілмен шүкір етудің жарқын үлгісін көрсеткен аят күніге 40 мәрте қайталанады.

سَمعَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رَجُلًا يَدْعُو فِى صَلَاتِهِ لَمْ يُمَجِّدِ اللَّهَ تَعَلَى وَلَمْ يُصَلِّ عَلَى النَّبِىِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَقَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَجِلَ هَذَا. ثُمَّ دَعَاهُ فَقَالَ لَهُ أَوْ لِغَيْرِهِ إِذَا صَلَّى أَحَدُكُمْ فَلْيَبْدَأْ بِتَحْمِيدِ رَبِّهِ عَزَّ وَ جَلَّ وَالثَّنَاءِ عَلَيْهِ ثُمَّ يُصَلِّى عَلَى النَّبِىِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ثُمَّ يَدْعُو بُعْدُ بِمَا شَاءَ

Бір күні Пайғамбарымыз (ﷺ) бір адамның намаздан кейін Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтпастан, «Уа, Алла Талаға! Мені кешіре гөр, жарылқай гөр» деп дұға жасап жатқанын естіп, содан: «Бұл адам асығыстық қылды» дейді де, ол адамды шақырып: «Сіздерден біреулеріңіз дұға жасамақшы болсаңыздар, алдымен Аллаға мадақ айтып, сосын Пайғамбарға () салауат жолдасын да, қалағанын сұрасын»,-деп бұйырады[11].

Бұл хадисте ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) бүкіл адамзат баласына Алладан дұға жасаудың керемет үлгісін насихат етіп отыр. Әрине, бұл Құран Кәрімнің өзі Аллаға мадақпен басталады және көптеген сүрелерде қайталанады. Бұл Аллаға мадақ айтудың маңыздылығын білдірсе керек. Шындығында да, Аллаға деген әрбір мадақ айтуымыз – шүкір, әрбір шүкіріміздің өзі Алланың нығыметтері үшін айтылған мадақ болып саналады.

Ардақты Елші (ﷺ) тағы бір хадисінде:

الْحَمْدُ رَاْسَ الشًّكْرِ مَنْ لَمْ يَحْمَدَ اللَّهَ لَمْ يَشْكُرْهُ

«Аллаға мадақ айту – шүкірдің басы. Аллаға мадақ айтпаған Оған шүкіршілік жасамағаны[12]»,-деп айтқан екен.

Осылайша, үмметіне үн қатқан Алла Расулы (ﷺ) өзі дұға жасаған кезде әрдайым дұғасын Аллаға мадақ айтумен бастап, қажетін сұрап болғасын да «Әлхамдулилла» деумен дұғасын тамамдайды екен. Бұның өзі Алла Елшісінің (ﷺ) шынайы шүкіршілігінің бір көрінісі болса керек.

Алла Тағала әрбір ризыққа шүкіршілік етуіміз керек екенін ескертіп, қасиетті Құран Кәрімде былай дейді:

يَاأَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُلُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ وَاشْكُرُوا لِلَّهِ إِنْ كُنتُمْ إِيَّاهُ تَعْبُدُونَ

«Әй мүміндер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер. Әрі Аллаға шүкірлік етіңдер, егер Оған ғана құлшылық ететін болсаңдар»[13]. Демек, шүкір ету – біздің шынайы құл екеніміздің көрінісі, мұсылманшылығымыздың асыл сипаты, Алла Тағаланың әмірі.

Пайғамбарымыз (ﷺ) да:

مَنْ اَكَلَ طَعَامًا فَقَالَ اَلْحَمْدُ لَلَّهِ الَّذِى اَطْعَمَنِى هّذَا الطَّعَامَ وَرَزَقَنِيهِ مِنْ غَيْرِ حَوْلٍ مِنِّى وَلَا قُوَّهٍ غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ.

«Кімде-кім тамақтанарда «Менің күш-қуатымсыз мені ризықтандырып, тамақтандырған Аллаға мадақ» десе, кішкентай күнәлары кешіріледі»,-деп, шынайы құлдың әрбір тамақтанар сәтінде де Аллаға шүкір етуінің қажеттілігін баса дәріптейді.

Міне, осылардың барлығы тілдің қатысумен, құлдың ауызбен айтуы арқылы болатын шүкіршілік көріністері. Алланың ныметіне деген шүкірді тек жүрекпен сезініп қана қоймай, тілімізбен айтудың өзі дініміздегі маңызды бір құлшылық екенін ұмытпағанымыз абзал.

 

Кө­бі­не біз рах­ме­ті­міз­ді, ал­ғы­сы­мыз­ды шы­найы Иесі­не емес жол­да­ғы түк­ке тұр­ғы­сыз се­беп­тер­ге біл­ді­ріп жата­мыз. Қа­лай­ша дей­сіз бе? Ба­зар­дан бір ал­ма са­тып ал­дық де­лік. Сату­шы­ға рах­ме­ті­міз­ді ай­тып, қо­лы­на ақша­сын ұс­та­та­мыз. Бі­рақ сол ал­ма­ны «құ­лым жесін» деп көз тар­тар сұ­лу пі­шін­де жа­ра­тып, ау­зың­нан сі­ле­кейің­ді ағы­зар та­ма­ша дәм мен мұр­ның­ды жа­рар ке­ре­мет жұ­пар иіс­пен бе­зен­ді­ріп біз­ге жі­бер­ген, яғ­ни ал­ма­ның шы­найы иесі – Аллаһ Та­ға­ла­ға шү­кі­рі­міз­ді, рах­ме­ті­міз­ді біл­ді­ріп, Оған де­ген қа­рыз­ды­ғы­мыз­ды сезі­не­міз бе?

Са­ту­шы­ның қо­лы­на ұс­тат­қан аз­ды-көп­ті тиын-те­бен­ді ал­ма­ның құ­ны деп ой­ла­маңыз, ол тек са­ту­шы­ның еңбе­гі ға­на. Се­бе­бі, ал­ма­ның өз құ­ны өл­шеусіз. Ол ба­ға­мен өлшен­бейді. Не­ге дей­сіз бе? Егер ал­ма жоқ бол­са, оны өсі­ру үшін дә­не­гін қай­дан алар едік? Мил­лиард­та­ған қар­жы жұм­сап бір түйір дә­нін жа­сай алар ма едік? Тіп­ті дә­ні бар бол­ған күн­нің өзін­де оның өсіп же­ті­луіне ке­рек­ті Күн­ді, ауаны, то­пы­рақ­ты, он­да­ғы әр түрлі ми­не­рал­дар­ды қай­дан та­бар едік? Бір Күн­нің өзін трил­лион­да­ған қар­жы­ға са­тып ала ал­ма­сы­мыз анық. Тіп­ті бү­кіл әлем жи­нал­са, ал­ма­ның өсуі үшін ке­рек­ті су­ды, ауаны жа­сай ал­май­ды. Ен­ді осы ал­ма­ға ке­рек­ті күн, ауа, то­пы­рақ, су сияқ­ты қа­жет­ті зат­тар­дың ба­ға жет­пес­ті­гін ес­ке­ре оты­рып, ал­ма­ны ба­ға­лап кө­рейік­ші…

Иә, біз кө­бі­не жа­рат­қан­ды ұмы­тып, ор­та­да­ғы се­беп­тер­ге ға­на ал­ғы­сы­мыз­ды білдірумен шек­те­ліп жа­та­мыз. Бұл ісі­міз­дің қан­ша­лық­ты әді­лет­сіз еке­нін бі­лу үшін мына мы­сал­ға на­зар ауда­рай­ық.

Пат­ша қыз­мет­ші­сі ар­қы­лы бі­реуге ба­ға­лы сый жі­бер­ді де­лік. Әлгі адам сый­лық­ты ала са­лы­сы­мен рах­ме­тін үйіп-тө­гіп пат­ша­ның қыз­мет­ші­сі­не ай­тып, сый­ды тар­ту ет­кен пат­ша­ның өзін еле­ме­се, оның бұл ісі қан­ша­лық­ты жөн­сіз бо­лар еді. Бұл тұс­та на­ғыз ал­ғыс ай­ту­ға лай­ық жан қыз­мет­ші емес, пат­ша­ның өзі емес пе?!

Денемен жасалатын шүкір

Шүкіршілік жайлы айтқан кезде, басқа құлшылық түрлері секілді бұл ғибадаттың да дене мүшелердің қатысуымен жасалатынын ескерген жөн. Яғни, дене мүшелеріміздің Аллаға ғибадат етуі, Алла ризалығы жолында қызмет жасауы, құлшылықтар атқарып, үкімдерге бағынуы дененің шүкірі болып табылмақ.

Риуаяттарға қарағанда, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) түні бойы аяқтары ісігенше намаз оқып шығатын болған. Сонда Хазіреті Айша (р.а) анамыз тұрып;

– Уа, Алланың Расулы ()! Алла Сіздің бұрынды-соңды күнәларыңыздың барлығын жарылқаған ғой. Ғибадат үшін мұншама қиналғаныңыз не?,-деп сұрағанда Алла Елшісі (ﷺ):

اَفَلَا اَكُونَ عَبْدًا شُكُورًا

– Мен шүкір етуші құлдардан болмаймын ба?,-деп жауап береді.[14]

Бұл хадистен Алла Елшісінің (ﷺ), өзі айтып тұрғанындай, түнгі намаздарды Алланың шексіз мейіріміне, жарылқауы мен кешіріміне шүкір ету үшін жасап жатқанын көреміз. Біздің бұл хадистен алар өнегіміз де орасан. Алла Елшісі (ﷺ) Раббымыздың өзіне берген айырықша нығметін еске алып, денемен шүкіршілік етіп, құлшылығын бекемдеген болса, біздер де солай әдеттенуге құлшынуымыз керек. Яғни, бұл өмірде біліп-білмей істеп жүрген күнәларды тоқтатуға, ары қарай Алланың мейір-рахметіне лайық құл болуға құлшынып, құлшылықтарымызды толық орындап, Алла әміріне толық бойұсынуға құлшынудың өзі дененің шүкіріне жататынын білдіреді.

Алла Расулының (ﷺ) мүбәрак дұғаларының бірінде:

اللَّهُمَّ لَكَ الْحَمْدُ، أَنْتُ قَيِّمُ السَّمَوَاتِ وَالأَرْضِ وَمَنْ فِيهِنَّ، وَلَكَ الْحَمْدُ، أَنْتَ نُورُ السَّمَوَاتِ وَالأَرْضِ وَمَنْ فِيهِنَّ، وَلَكَ الْحَمْدُ، أَنْتَ مَلِكُ السَّمَأوَاتِ وَالأَرْضِ وَمَنْ فِيهِنَّ، وَلَكَ الْحَمْدُ، أَنْتَ الْحَقُّ، وَوَعْدُكَ الْحَقٌّ، وَلِقَاؤُكَ الْحَقٌّ، وَقَوْلُكَ حَقَّ، وَالْجَنَّةُ حَقٌّ، وَالنَّارُ حَقٌّ، وَالنَّبِيُّونَ حَقٌّ، وَمُحَمَّدٌ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حَقٌّ، وَالسَّاعَةُ حَقَّ، اللَّهُمَّ لَكَ أَسْلَمْتُ، بِكَ آمَنْتُ وَعَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ، وَإِلَيْكَ أَنَبْتُ، وَبِكَ خَاصَمْتُ، وَإِلَيْكَ حَاكَمْتُ، فَاغْفِرْ لِي مَا قَدَّمْتُ وَمَا أَخَّرْتُ، وَمَا أَسْرَرْتُ وَمَا أَعْلَنْتُ، أَنْتَ الْمُقَدِّمُ وَأَنْتَ الْمُؤَخِّرُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ، وَلاَ إِلَهَ غَيْرُكَ

«Иә, Алла! Мадақ саған тән. Сен көктер мен жердің және олардың арасындағы барлық нәрсенің Реттеушісісің. Мақтау саған лайық. Сен көктер мен жердің және олардың арасындағы барлық нәрсенің Нұрысың. Мақтаулардың барлығы саған хас-дүр. Сен көктер мен жердің және олардың арасындағы барлық нәрсенің Иесісің. Мақтау саған лайық. Сен Хақсың, уәдең-хақ, Сені (ақыретте) көру-хақ, сөзің-хақ, жәннатың де хақ, тозағың да- хақ. Пайғамбарларың да хақ. Мұхаммед () де хақ. Қиямет күні де хақ. Иә, Алла! Саған бойсұндым, саған иман келтірдім және тәуекел еттім, саған сендім. Жалғыз саған сеніп (дұшпандармен) арпалыстым. Сенің ғана үкім беруші Ұлы зат екеніңді қабылдадым. Иә, Алла! Істеген және істемек болған, ашық және жасырып күнәларымның барлығын кешіргін. Ақырет күнінде мені бірінші тірілтетін, дүние тіршілігінде пайғамбарлығымды қияметке дейін қалдыратын да Сенсің. Сенен басқа ғибадатқа лайық тәңір жоқ, Сен ғана барсың[15]-дейді. Міне, нағыз бойұсынған құлдың дұғасы. Нағыз Пайғамбарлық дұғасы. Адамзаттың ішіндегі ең жоғары мәртебеге ие бола тұра, соған сай шүкір етудің көрінісі. Бұл дұға Алланың ақырғы Елшісінің (ﷺ) әрбір үмметінде әрдайым шүкіршілікте болу өнегесін үйретіп тұрғандай.

 

Адам баласы дүние тіршілігінде денсаулық пен байлық жағынан бірдей болмайтыны анық. Біреу ауру, біреу сау, біреу кедей, біреу бай, біреу бақытты, біреу бақытсыз. Бұл Алланың бір сынағы екені даусыз. Бірақ, шүкір ету үшін адам баласы қандай жағдайда да өзінен төмен адамдарға қарап, өзіне берілген нығметтерге қанағат тұтуы керек. Пайғамбарымыз бір хадисінде:

مِنْ نَظَرَ فِى دِينِهِ إِلَى مَنْ هُوَ فَوْقَهُ فَاقْتَدَا بِهِ وَنَظَرَ فِى إِلَى مَنْ هُوَ دُونَهُ فَحَمِدَ اللَّهَ عَلَى فَضَّلَهُ بِهِ عَلَيْهِ كَتَبَهُ اللَّهُ شَاكِرًا صَابِرًا وَ مَنْ نَظَرَ فِى دِينِهِ إِلَى مَنْ هُوَ دُونَهُ وَنَظّرَ فِى دُنْيَاهُ إِلَى مَنْ هُوَ فَوْقَهُ فَأَسِفَ عَلَى مَا فَاتَهُ مِنْهُ لَمْ يَكْتُبْهُ اللَّهُ شَاكِرًا وَلَا صَابَرًا

«Дүние істерінде өзінен төменге қарау, дінде (діни үкімдерді орындауда) өзінен жоғарыларға қараған адамды Алла Тағала әрі сабырлылардың, әрі шүкір етушілердің қатарында қылады. Ал, дүние тіршілігінде өзінен жоғарыларға қарап, дінде өзінен төмен болғандарды місе тұтқан адамды Алла Тағала сабырсыздар мен шүкірсіздердің қатарында қылады»,-дейді[16].

Сондықтан, шүкіршілік Пайғамбарлардың, періштелердің және таңдаулы құлдардың ерекшеліктерінен. Бұл туралы Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:

وَ قَلِيلٌ مِنْ عِبَادِىَ الشَّكُورُ

«Құлдарымның ішінде шүкір етушілер өте аз»[17] деп, шүкір етушілердің аз болатынын меңзесе керек.

Бірде Хазіреті Омар (р.а) бір адамның «Иә, Алла! Мені сол аздардың қатарында қылғын!» деп дұға жасағанын естиді де;

–  Бұл қандай дұға?-деп сұрайды. Дұға жасаушы болса:

– Алла Тағала; «Құлдарымның ішінде шүкір етушілер өте аз» демеді ме? Мен сол аз ғана шүкір етушілердің қатарында болғым келеді,-деп жауап береді. Сонда Хазіреті Омар:

–  Омардан басқаның бәрі хабардар (білгір),-дейді[18].

 

Пайғамбарымыз былай дейді: «Исрайыл ұрпақтарының арасында ғалым һәм көп құлшылық қылар тақуа бір адам бар еді. Осы кісінің бір күні өте жақсы көрген әйелі кенеттен қайтыс болады да әлгі адам қатты қайғырып, есікті іштен тарс бекітіп, аза тұтып, төсектен тұра алмай жатып қалады. Оның осы жағдайын сол елдегі бір әйел естиді. Әлгі ғалымның үйіне келіп, есік аузындағы кісілерге: «Менің ғалыммен жекеше шаруам бар еді»,- дейді. Ауыздағы адамдардың бірі ғалымға: «Мына жерде сізді бір әйел күтіп тұр. Сөзсіз сізге жолығуым керек. Жеке мәселем бар дейді! – деп хабар береді. Ғалым: «Келсін»,- деп жауап қатады. Әйел жанына келіп: «Сізден бір нәрсе сұрағалы келіп едім»,- дейді. Ғалым: «Не сұрайын деп едің?»,- дегенде әйел: «Менің көршімнен аманат етіп алған бір алқам бар еді. Оны біраз уақыт тағып, пайдаландым. Кейіннен менен сол алқаны қайта сұрады. Сіз не дейсіз? Алқаны иесіне қайтарып берейін бе? – дейді. Ғалым: «Әлбетте, дереу қайтарып беруің тиіс»,- деп нақты айтады. «Бірақ алқа көптен бері мойнымды тағулы еді. Сондықтан оны қатты жақсы көріп қалған едім»,- деп, әйел бергісі келмегенін білдіреді. Ғалым сонда: «Оған әбден үйреніп, жаныңа жақын болғанына қарағанда, ол сенде көп тұрып қалыпты ғой. Дереу аманатты иесіне қайтаруың қажет»,- дейді. Осыны айтқанда әйел: «Құдай Тағала ақырын берсін! Сен Аллаһ Тағаланың аманат етіп беріп, енді қайтарып алған нәрсесіне қайғырып отырсың ба? Ол берген аманатына сенен қарағанда әлдеқайда лайық емес пе?»,- дейді. Ғалым уәжге жығылып, Хақ Тағалаға шүкір етіп, ес жияды»[1].

 

Шүршілік нығметті арттырады

Құран аяттарына сүйенетін болсақ, күнделікті өмірде Алланың берген нығметтерін еске алып, шүкіршілік етіп отыратын болсақ, бұл ісіміз нығметтің баяндылығы мен одан ары көбеюіне себеп болады екен. Ал, шүкірсіздік жасайтын болсақ, ол Алланың азабына ұшырауымызға себеп болатындығы аятта баяндалған. Бұл туралы қасиетті Құран Кәрімде:

لَئِنْ شَكَرْتُمْ لَأَزِيدَنَّكُمْ وَلَئِنْ كَفَرْتُمْ إِنَّ عَذَابِي لَشَدِيدٌ

«Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатал»[20],-делінеді. Демек, Алла Тағаланың берген нығметтеріне шүкіршілік жасауы құлдың білімділігі мен парасаттылығы, бойұсынушылығы болып саналмақ. Ал, бұны атқармауы Аллаға деген қарсылық екені аяттан белгілі болып тұр. Егерде кімде-кім надандықпен Алланың нығметтеріне шүкірсіздік танытып, қарсы келсе, қатты азаппен азапталатындығын көреміз.

Сондай-ақ, шүкіршіл құлдардың сыйлығы жайында да Құранда сүйінші аяттар бар. Мәселен, мына бір аятта:

مَا يَفْعَلُ اللَّهُ بِعَذَابِكُمْ إِنْ شَكَرْتُمْ وَآمَنْتُمْ وَكَانَ اللَّهُ شَاكِرًا عَلِيمًا

«Егер шүкірлік етіп, иман келтірсеңдер, Алла сендерді неге азап қылсын? Өйткені, Алла (Т.) шүкірлікті бағалаушы, толық білуші»[21],-делінеді. Демек, шүкіршіл болудың дүние-ақыреттік пайдасы орасан болмақ.

Әрбір мұсылман баласы Алла Тағаланың берген нығметі мен жақсылықтарын әрдайым жадынан шығармай, тілімен де, денемен де шүкір етіп жүруді әдетке айналдыруы мұсылманшылықтың үлкен сипаттарының біріне ие болуы деген сөз. Шүкіршілік – мұсылманның ізгі амалдарының бірі. Ендеше, уағызымыздың соңын осындай ізгі амалдардың есесіне қандай сый жасалатыны жайлы Құран аятымен тамамдасақ:

إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ يَهْدِيهِمْ رَبُّهُمْ بِإِيمَانِهِمْ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهِمْ الْأَنْهَارُ فِي جَنَّاتِ النَّعِيمِ. دَعْوَاهُمْ فِيهَا سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَتَحِيَّتُهُمْ فِيهَا سَلَامٌوَآخِرُ دَعْوَاهُمْ أَنْ الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ

«Расында сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің имандары себепті Раббылары, оларды астарынан өзендер ағатын Нағым жәннәтінің жолына салады. Олардың ондағы дұғалары: «Әй Алла! Пәксің» әрі олардың ондағы амандасулары: «Сәлем» және олардың дұғаларының соңы: «Барлық мақтау әлемдердің Раббы, Аллаға тән!»,- деу болады»[22].

 

Сараңның есебі

Хазіреті Мәулананың қызы бір күні әкесіне күйеуінің сараңдығын айтып шағымданады. «Әке, ол адам соншалықты мал-мүлкі, құлдары бол тұра, аш жүреді, үстіне де киім алмайды»,- дейді.

Мәулана былай деп жауап береді: «Дұрыс емес әрине, бірақ осындай сараңдар мен сараңдықтар болмаса, бұл дүниенің мал-мүлкі қалай жиналар еді?»-дейді. Сосын бір оқиға туралы айтады:

Бай, бірақ сараң бір адам екен. Бір күні мешітке барады. Бірден «Үйдегі шамды өшірдім бе екен?»-деп күмәнға салына бастайды.

Ерінбестен қайтадан үйіне келіп, күңіне айқайлайды: «Дереу шамды өшір, майы таусылмасын, бірақ есікті ашушы болма».

Күң «Есікті неге ашпаймын?»-дейді. «Есікті ашқанда тоқпағын қажайсың»-дейді.

Сонда күң: «Соншалықты есеппен жүретін болсаңыз, мешіттен осы жерге дейін жүргенде, аяқ киіміңіздің тозатынын ойламадыңыз ба?»-деп сұрайды.

Қожайыны бұл сұраққа «Қалайша ойламаймын, бұл жерге жалаңаяқ келдім, міне, аяқ киімім қолтығымда»,-дейді.

Бұл оқиғаны естіген Хазірет Мәулананың қызы өзінің жағдайына шүкіршілік еткен екен.

«Сараң адам ақ нанды құшақтап отырып аштан өледі» (Мақал).

 

Пайғамбарымыз (С.Ғ.С.) Бес уа­қыт на­маз­ды жа­ма­ғат­пен, жы­лап тұ­рып оқуы бы­лай тұр­ған­да, түн жа­рым­да тұ­рып «тә­һәж­жуд» на­ма­зын егі­ле жы­лап, аяқ­та­ры та­лып-ісі­ген­ше оқи­тын. «Уа, Ра­су­лАллаһ, өзің­ді не­ге мұн­ша қи­най­сың?» – де­ген Айша ана­мыз­дың сұ­ра­ғы­на: «Аллаһ­қа шү­кір ет­кен құл бол­май­ын ба?» – деп жауап қат­қан Аллаһ Ел­ші­сі­нің на­ма­зы­нан қан­дай жал­ған­дық кө­ру­ге бо­ла­ды?

Пайғамбарымыз бірде былай дейді: «Аллаһ Тағаланың жер бетін аралап Өзін зікір еткендерді іздейтін періштелері бар. Бұл періштелер Аллаһ Тағаланы зікір етіп жатқан бір жамағатқа кездессе «Іздегендерің мына жақта» деп бір-бірін шақырады. Сонда барлығы жинала қалып, Жаратушыны пәктеп мадақтауға, тек Соған ғана құлшылық етіп ұлықтауға жиналған топты қанаттарымен бүркеп көк әлеміне дейінгі аралықты толтырады. Аллаһ Тағала оларды жақсы біле тұра періштелерінен: «Құлдарым не деп жатыр?»,- деп сұрайды. Періштелер: «Олар Сені тәсбих етіп, Сенің жаратылыс атаулыдан мүлдем пәк екендігіңді паш етуде. Саған тәкбір айтып, ұлықтап, Сенің құдіретің мен ұлылығыңның теңдессіз екендігін жариялауда. Һәм Сенің берген несібелеріңе шүкір етіп, мадақтауда. Саған тағзым етіп, Сенің құдіретің мен ұлылығыңның алдында өздерінің қауқарсыздығын танытуда»,- дейді. Аллаһ Тағала сұрағын жалғастырып былай деп сұрағын өрбітеді:

  • Олар Мені көріп пе еді?
  • Жоқ!
  • Көрсе не істер еді?
  • Егер Сені көргенде бұрынғыдан да терең құлшылыққа беріліп, шексіз тәсбих етіп, Өзіңді ұлықтай түсер еді.

Аллаһ Тағала:

  • Олар не тілейді?
  • Олар Сенен Жәннатты тілейді.
  • Жәннатты көріп пе еді?
  • Жоқ, Раббымыз! Олар Жәннатты көрмеген.
  • Көрсе не істер еді?
  • Егер Олар жәннатты көргенде оған көзсіз қызығып, «Бізге Жәннатты нәсіп ете гөр!» деген тілектері телегей теңіз болып тербетілер еді.

Аллаһ Тағала:

  • Олар не нәрседен құтылуға тырысуда?
  • Әрине, олар Жәһаннамнан құтылуға тырысуда.
  • Олар Жәһаннамды көріп пе еді?
  • Жоқ, Раббымыз олар Жәһаннамды көрмеген.
  • Көрсе не істер еді?
  • Жәһаннамды көргенде бұрынғыдан бетер қорқып, түршігіп, одан бойын аулақ салуға тырысар еді.

Осы кезде Аллаһ Тағала: «Сендерді куә ете отырып оларды кешірдім!»,- дейді. Сонда бір періште: «Олардың арасында пәленше деген күнәкар бір құл да бар. Ол – бөлек адам. Оларға жатпайды. Басқа ниетпен барып, қастарына тізе бүккен»,- дейді. Сонда Аллаһ Тағала: «Оны да кешірдім! Мұндай жамағаттың қасында отырған адам да солардың арқасында бақыттан кенде болмайды!»[2],- дейді. Яғни бұл жерде күнәкар адам қанша күнәға батса да, тақуалармен жолыққанда күнәсі кешіріле кетеді деген сөз емес. Әуелі мұнда Хақ Тағаланың рақымының шексіздігін айтып тұр. Екіншіден бір қоғамда елді туралыққа шақырып, тақуалық жолмен жүрген бір мұсылман жамағат болса, оның әсері тек өздеріне ғана емес жалпы қоғамға да болмақ.

Осын­ша­ма жақ­сы­лық­тың, ырыс-бе­ре­ке­нің ал­ғы­сы «шү­кір» де­ген үй­рен­шік­ті сөз­бен шек­тел­мей­ді. Ұлы Ие­міз­ге де­ген шы­найы ал­ғы­сы­мыз бен ма­хаб­ба­ты­мыз­дың бел­гі­сі – Оның бұй­ыр­ған әмір­ле­рін «ләб­байк» деп, ай­на-қа­те­сіз орын­дап, мін­дет­те­ген ғибадаттарын то­лық ат­қа­ру мен тый­ым­да­ры­нан тү­гел­дей тый­ылу. Ен­де­ше, Оған де­ген алғы­сы­мыз бен ма­хаб­ба­ты­мыз­ды осы­лай дә­лел­деп, осы­лай ат­қа­рай­ық!

 

[1] Муатта, Жәнәйз, 43.

[2] Бухари, Дауат 66.

 

Әбілхан ЖӘПШІЕВ,

Петропавл қалалық «Нұр» мешітінің

бас имамы

Return to Top ▲Return to Top ▲