ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ ПІТІР САДАҚА МӨЛШЕРІ БЕКІТІЛДІ

Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төралқа мәжілісінде Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері белгіленді.

Мәжіліс мүшелерінің, яғни, ғұлама-ғалымдар мен өкіл имамдардың бірауыздан дауыс беруімен 2016 жылы берілетін пітір садақа мөлшері 200 теңге болып бекітілді.

Пітір садақасы Рамазан айының бірінші күнінен бастап, ораза айт мерекесіне дейін беріледі.

www.muftyat.kz

2-19

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲