Тәкаппарлық – екі дүниенің кесірі

Ислам діні адамды әрқашан кемелділікке тәрбиелеп, жамандық атаулыдан сақтануды бұйырады. Сондай сақтануды керек қылатын, Алла тағаланың сипаттарынан болған, адамға жараспаған іс – тәкаппарлық күнәсі. Біздерді өзіне құл қылған зат, әлбетте біздерден үстем, өктем. Өкінішті, кей кезде сол бір тамшы судан жаратылып, ақыры жерге айналатын адам баласы Жаратушысын ұмытып, нәпсісінің ықпалымен, шайтанның алдауына түсіп, азғантай берілген байлығының, уақытша берілген билікке мастанып, дандайсып, көкірегіне нан пісіріп, тәкаппарланып кететіні. Құран кәрімде:

إِنَّهُمْ كَانُوا إِذَا قِيلَ لَهُمْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ يَسْتَكْبِرُونَ

«Расында оларға: «Алладан басқа ешбір Құдай жоқ» деген кезде, тәкаппарланған еді»[1] , деген аяттың мағынасы осыны аңғартып тұрғандай. Алладан басқа ешбір Құдай жоқ деген адам – өзінің жаратушысы Алла тағаланың жанында әлсіз, дәрменсіз, тәуелді екендігін мойындаған, Аллаға мойынұсынған пендесі. Алланың шынайы құлдары кішіпейіл, қарапайым, кешірімді, көркем мінезімен ерекшеленіп тұрады. Пайғамбарымыз(а.с.): Кімде-кім кішіпейілділік қылса, Алла тағала оны жоғарылатады, ал тәкаппарлық қылса төмендетеді[2], деген хадисі біздерге такаппарлықтың түбі қорлық болатының білдіріп жатыр. Тіпті хадисте:

لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ مَنْ كَانَ فِي قَلْبِهِ مِثْقَالُ ذَرَّةٍ مِنْ كِبْرٍ  , قَالَ رَجُلٌ : إِنَّ الرَّجُلَ , يُحِبُّ أَنْ يَكُونَ ثَوْبُهُ حَسَنًا , وَنَعْلُهُ حَسَنَةً , قَالَ : إِنَّ اللَّهَ جَمِيلٌ يُحِبُّ الْجَمَالَ , الْكِبْرُ بَطَرُ الْحَقِّ وَغَمْطُ النَّاسِ

Көңілінде тозаңның салмағындай кібірлік болса жаннатқа кіре алмайды,[3]  деумен  такаппарлық  дерті шалған жүрекпен Алланың ризашылығына жете алмайтынын білдіруде. Осы сөздерді пайғамбарымыз айтқанда, бір адам: Уа, Алланың елшісі, мен киімім әдемі болғанын, аяқ киімім әдемі болғанын жақсы көремін, бұл қалай болады дегенде пайғамбарымыз(а.с.): Алла тағала көркем, көркемдікті жақсы көреді. Тәкаппарлық ол хақты мойындамау, адамдарды төмен санау,[4] деп ара жігін айқындап берген. Тағы Құранда: وَإِذْقُلْنَالِلْمَلاَئِكَةِاسْجُدُواْلآدَمَفَسَجَدُواْإِلاَّإِبْلِيسَأَبَىوَاسْتَكْبَرَوَكَانَمِنَالْكَافِرِينَ

«Біз періштелерге Адамға(а.с.) сәжде етуді бұйырғанда, олар сәжде жасады.Тек ібіліс қана сәжде жасамады, бас тартты, тәкаппарланды және кәпірлерден болды»[5], деген аяттар дәлел. Шайтан лаъиннің иманы пайда бермегендей,  тәкаппарлық күнәсін арқалаған адамға да иманы пайда бермейді. Қаншама жыл намаз,оразасы, істеген қайыр ихсандары бекер болып, жаннаттан құр қалу нағыз бақытсыздық демей немене. Құранда Алла тағала шынайы құлдарын қандай болатының баяндап жатыр:

وَعِبَادُ الرَّحْمَنِ الَّذِينَ يَمْشُونَ عَلَى الْأَرْضِ هَوْنًا وَإِذَا خَاطَبَهُمُ الْجَاهِلُونَ قَالُوا سَلَامًا

«Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға надандар тіл тигізсе де: саламаттық тілеп, «Асссаламу алайкум» деп жауап береді.[6] Тәкаппарлықтан сақтануды біз пайғамбарымыздың хадистерінен қарасақ, онда:  «Өз аяқ киімін жөндеген, киімін жамаған, жүзін сәждеге қойған адам, ақиқатында кібірліктен тазарған болды»[7], деген. Кішіпейілділік, қарапайымдылық сияқты асыл қасиеттер мен тәкаппарлық, менменшілдік сияқты жамандықтар бір біріне қарама қайшы. «Мен» деп айтуға құқылы Алла Тағала да «Біз» деген сөзді құранда көп қолданғанның көреміз. Сол себепті адам баласы «мен» деген менменшілдіктен арылып, Аллаға тәуелділігін мойындап, тәкаппарлық сияқты жамандықтан құтылатын жолдарын құран, хадис, сахабалардың өмірілерінен іздеу керек. Омар(р.а.) халифа болып тұрғанда Шам өлкесіне ресми сапармен барады. Қасындағы жол қосшы бала екеуі бір түйеге кезектесіп отырады. Шам шаһарына жақындағанда алдарынан кішкентай көлшік кезігеді. Омар(р.а.) түйені жетектеуде еді. Сол судан малтып өтіп, Шам шаһарының зиялыларына ортасына малмандай су болып кіріп келеді. Міне әділдік, қарапайымдылық. Мен халифамын деп, баланы түйеден түсірсе, әмірі жетіп тұр. Бірақ пайғамбарымыздан(а.с.) тәлім алған, Алла риза болған сахабасы біздерге өшпес өнеге қалдырды. Омардың(р.а.) сөзі: «Бізді  Алла Тағала Ислам дінімен әзиз қылды. Жұрттың сөзі ештене етпейді» деп керемет жауап берген екен. Құрандағы :

تِلْكَ الدَّارُ الْآخِرَةُ نَجْعَلُهَا لِلَّذِينَ لَا يُرِيدُونَ عُلُوًّا فِي الْأَرْضِ وَلَا فَسَادًا وَالْعَاقِبَةُ لِلْمُتَّقِينَ

«Міне ахирет жұрты: Оны жер жүзінде өзін- өзі көтеріп, бүліншілік іздемегендерге нәсіп етеміз. Негізінде ақырғы мол табыс тақуалар үшін[8]», деген аятқа сәйкес келген көркем іс. Әбу Бакір Сыддық(р.а.): Мақтанудан сақтаныңдар! Топырақтан жаралып, кейін онда қайтып барғанда жер құрттары тәніңді жейтіні мақтанушылық болмайтын іс, деп біздерді тақуалыққа шақыруда. Дандайсып жүру, өктем сөйлеу, паңданып пәлсіну, жоғарыдан төмен қарау жаман қылықтар Алланың ашуын туғызатын қылықтар. Құранда Лұқман хаким баласына өнегелі сөздер айтып, тәрбиелегенің көреміз:

وَلَا تُصَعِّرْ خَدَّكَ لِلنَّاسِ وَلَا تَمْشِ فِي الْأَرْضِ مَرَحًا إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ كُلَّ مُخْتَالٍ فَخُورٍ

وَاقْصِدْ فِي مَشْيِكَ وَاغْضُضْ مِن صَوْتِكَ إِنَّ أَنكَرَ الْأَصْوَاتِ لَصَوْتُ الْحَمِير

Адамдарға паңсып, қырындама да, жерде кердеңдеп, жүрме. Расында Алла бүкіл дандайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді. Жүрісінде орташа бол да дауысыңды бәсеңдет. Сөз жоқ, дауыстардың жаманы есектің дауысы»,[9] деп әкесі баласын тәрбиелеп жатса,ал Алла тағала біздерге әкелері балаларын қалай тәрбиелеу керектігін білдіруде.  Сол сияқты Нұх (а.с.) да баласына: «Тез арада саған тәкаппарлықтан аман адамның қырларынан хабар беремін. Егер қой бақса, есекке отырса, жүн киім кисе, пақыр кедейлермен бірге отырса, үй ішіндегілермен бірге тамақ қабылдаса, міне осындай адам тәкаппарлықтан аман, деп тәрбиелегенің көреміз. Пайғамбарымыз(а.с.): «Кімде кім өзін ұлықтап, мақтан жүріспен жүрсе, ол Алла тағаламен кездескенде, ашуына жолығады,[10]деумен, бұл дүниеде мәңгі еместігін, Құдайдың алдына барғанда, ондай жол, жүріс жаннатқа емес, тамыққа кіргізетінің хабарлауда. Тағы бір хадисінде тәкаппарлардың ахиреттегі халдерінен хабар беруде: «Тәкаппарлар қиямет күні өте кішкентай(құмырсқа тәрізді)суретте тіріледі. Әр тараптан қорқыныш пен үрей орап тұрады. Булус атты тамұққа айдайды. Ең ыстық тамұқ оттары шарпып тұрады. Тамұқ иелерінің тәнінен аққан тинатул хобал сусынымен суарылады.[11]  Міне ахиреттегі жағдайлары осылай болып, қорлық пен масқараға душар болып тұр. Бұл дүниеде де тәкаппарларды мұсылмандар сүймейді. Алла тағала да тәкаппарларды сүймейтінін Құранда айтуда:

ۚ إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُسْتَكْبِرِينَ

َ«Әлбетте, ол тәкаппарларды жақсы көрмейді».[12] Құдайдың сүйген құлы болу үшін кішіпейіл болу ләзім болады. Тәкаппарлықпен жасаған құлшылық құдайдың алдыңда қабыл емес-ті. Бани Исраилда жетпіс жыл намаз оқып, оразасын үзбей құлшылық қылған абыд яғни дүниеден безіп, Құдайға берілген құл Алладан қажетін сұрағанда қабыл болмағанына таң болып тұрғанда, Алланың періштесі келіп: Кішіпейілділікпен тіле, сенің жетпіс жыл құлшылығынан сол абзалдырақ , деп тілегінің неге қабыл болмағаның айтқанда, құлшылығын міндетсіремей тілеп, қажеті орындалған екен. Пайғамбарымыздың хадисінде:  Алла тағала: тәкаппарлық пен ұлылық менің сипаттарымнан, кімде-кім ол екеуін пайдаланса, отқа кіргізіп, азапқа аламын[13], деген. Барлықтарымызды Алла тағала тура жолына бастасын. Әмин.

                                                                                                       Абылай Құрмашұлы

                                                                                            қалалық «Мұхсин»

                                                                                               мешітінің бас имамы

 

[1]Саффат сүресі 35 аят

[2]Дурратул насихиин кітабы 199 бет

[3]Муслим руваяты

[4]Муслим, Термизи руваяты

[5]Бақара сүресі 34 аят

[6]Фурқан сүресі 63 аят

[7]Хасан руваяты

[8]Қасас сүресі 83 аят

[9]Лұқман сүресі 18-19 аяттар

[10]Табарани, Хаким руваяты

[11][11]Ан Нисаи мен тирмизи руваяты

[12]Нахл сүресі 23 аят

[13]Муслим, Абу Дауд, Ибн Мажа руваяты

Return to Top ▲Return to Top ▲