СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы облыс , қала, аудан, ауыл имам-молдаларының басын қосып, алқалы жиын өткізді. Алқалы жиында ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің тапсырмасын ортақ талқылап, әр имам-молдаларға тапсырмалардың жүзеге асуын ескертті.
Жиында дін қызметкерінің этикасы мен әдебі туралы насихат айтылып, жалпы дін қызметкерінің жауапкершілігі жайлы, жұмыс барысында кездесетін өрескі әрекеттердің себебі мен салдары талқыланды.