ҚМДБ бастамасымен мүбәрак Рамазан айының құрметіне облыстық «Қызылжар» орталық мешіті дәстүр бойынша «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театры өткізетін «Берекелі мереке 4» рухани кешін ұйымдастырды.
Погодин атындағы театр залы лық толды. Көрермендер күнделікті өмірде бірден көзге түсе қоймайтын адамның пендешілігін өзіндік мысқылмен әжуалаған театр ұжымының өнерімен сусындауға жиналды. Қойылым басталар алдында бас имам Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы жиылған жұртты келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
Театрдың шығармашылық ұжымы кезекті рет көрерменге өмірден алынған көріністерді шеберлікпен жеткізе білді, шын мәнінде «жас аралас күлкі» сыйлап, адамның көптеген пендешілік қылықтарын келекеледі. Көрермендер концерт залынан қойылымнан шынайы ләззат алып, разы көңілде тарқасты.