Қазақстандықтардың рухани жаңғыруы ел дамуының басты шарты. Қызылжар ауданы Бескөл ауылында жергілікті атқарушы орган өкілдері, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері мен «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы және басқа діни ұйымдардың жетекшілері бас қосты. Жиналғандар қоғамдық сананы жаңғырту бағытындағы рухани келісімнің орны төңірегінде әңгіме жүргізді.