Католиктердің Рождество мерекесіне орай, ислам және православиелік христиандар діндерінің өңіріміздегі өкілдері облыс орталығындағы «Святая тройца» рим-католик шіркеуінде болды. «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы А.Алыпқашев пен Петропавл-Булаево ипархиясының хатшысы Сергей Первушин құттықтау лебіздерін білдірді. Салтанат соңында келушілерге дастархан жайылды.