Ресей мүфтилер Кеңесінің және РФ мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Равиль Ғайнутдин көрнекті ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің қайтыс болуына байланысты Қазақстан мұсылмандарына көңіл айтты. Бұл туралы Ресей мүфтилер Кеңесінің ресми сайты хабарлады.
«Ислам дініне және мұсылмандарға, ғылым мен білімге қызмет еткен ағамыз Әбсаттар қажы Дербісәлі дүниеден өтті. Ол өзі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына төрағалық еткен жылдарда Ислам дінінің өркендеп, білімнің қанат жаюын жаңа деңгейге көтерді. Оның ғылыми ізденісінен туған еңбектері оқырмандарын тек жақсылыққа үндейді.
Марқұмның отбасы мен жақындарына көркем сабыр тілейміз. Қазақстан мұсылмандарына Ресей мүфтилер кеңесі және өз атымнан қайғырып көңіл айтамын» делінген хабарламада.