МҰСЫЛМАН ДИАСПОРАЛАРЫ АУЫЗАШАР БЕРУДЕ

Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам түрлі ұлт өкілдері бар, соның біразы мұсылман диаспоралары. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалында олардың ұлттық мәдени орталықтары жұмыс істейді. «Қызылжар» орталық мешіті олармен бірге ел бірлігін, тыныштығын арттыру мақсатында түрлі игі шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Соның бір дәлелі, Рамазан айында  қаламыздағы мұсылман мәдени орталықтары мешіт жамағатына алма-кезек ауызашар береді. Биыл да игі шара жалғасын табуда.

Осы ізгі шараның жалғсын Рамазан айының 11 күні түрік диаспорасы мешіт жамағатына ауызашар берді. Ауызашарға 250-дай адам қамтылды. Ауызашар үстінде уағыз-насихат айтылып, түрік диаспорасына алғыстарын айтты.

Return to Top ▲Return to Top ▲