«Мухсин» мешітінің ұйымдастыруымен

Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні қалалық «Мухсин» мешітінің ұйымдастыруымен Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Аталмыш шара Әбу Досмұханбетов атындағы қалалық дарынды балаларға арналған гимназияда өткізіліп, оған облыс имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы, «Мухсин» мешітінің имамдары, мектеп директоры мен оқушылар қатысты. Облыс имамы халқымыздың ақын, жырауларының дінді насихаттап жазған өлеңдерін мысалға келтіре отырып, жиналғандарға қазақтың салт-дәстүрлерінің ислам дінімен тығыз байланысын атап өтті.  «Мухсин» мешітінің наиб имамы Қаратай Бақаев дәстүр жайында, облыстық мешіттің наиб имамы Аян Алыпқашев үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсету, мектеп қабырғасында әдептілікті сақтау туралы ғибратты уағыздарын айтты. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға дін қызметкерлері тұщымды жауап қайтарып отырды. Кездесу соңында оқушыларға «Дін мен дәстүр» кітабы таратылды.

 

«Қызылжар» орталық мешітіінң

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲