МЕШІТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ақжар ауданының Қулыкөл ауылында 100 орынға арналған жаңа мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Оның барысын өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы көріп қайтты.

Имандылық пен ізгілікке шақыратын ғибадат үйінің құрылысы ауыл азаматтарының демеушілігімен жүргізілуде. Алланың үйінде ерлер мен әйелдерге арналған екі ғибадат бөлмесі, имамға арналған бөлме, еске алу шаралары өтетін асхана және дәрет алатын орын болады.

Биыл басталған мешіттің құрылысы алдағы уақытта аяқталып, пайдалануға берілмек. Оның ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында ауыл тумасы Қанат Алшынбай Қанат деген азамат жүр.

Return to Top ▲Return to Top ▲