Исламның алтын ғасырындағы атақты емханалар 2-бөлім

Мұсылмандардың алтын ғасырында ислам өркениетінің ең бір айқын көріністерінің бірі – жалпыға арналған емханалар және сол емханалар жанында құрылған білім ошақтары. Бұл орайда Батыс әлемі мұсылмандардың жетістіктеріне тек бес-алты ғасырдан кейін бірақ жетті.

Әлемде ең алғаш емханалар мұсылмандарда Умаяттардың халифаттылығы кезінде сегізінші ғасырдың басында 706 жылы пайда болды. Ол кездегі емханалар тек емдеу орталықтары ғана емес, сонымен қатар білім орталықтары да болды. Ислам әлемінде барлық үлкенді-кішілі қалаларда емханалар жұмыс істеп тұрды. Емханалар екі түрлі болды: қалалардағы ауруханалар және жылжымалы ауруханалар.

Жылжымалы ауруханаларға келетін болсақ, кейбір деректерде оны сүйреу үшін қырық түйеге дейін жұмылдырды деген мәлімет бар. Емханалардың бұл түрі қаладан алыс орналасқан ауылды аймақтарға арналған медицинаның түрі. Әсіресі, аурухананың бұл түрі (1117-1131 ж.) Салжұқтардың сұлтаны Махмуд билік құрған жылдары қолға алынып,  білікті дәрігерлер мен сан алуан дәрілері бар жылжымалы емханалар ислам әлемінің кез келген жеріне жетуге қауқары келетін. [1]

Қалаларда орналасқан емханалардың деңгейі өте жоғары болды. Ең атақтылары – Бағдадтағы әл-Ғудуди емханасы 981 жылы қаланды. Дамасқтегі ән-Нури емханасы 1154 жылы тұрғызылды, Каирдегі әл-Мансури емханасы негізі 1284 жылы қаланды. Тек бір Кардова (Испания жеріндегі мұсылмандар қаласы)         қаласының өзінде елуден астам  емхана жұмыс істеген. [2]

Бұл үлкен емханалар аурудың түрлеріне байланысты бөлімдерге бөлінген. Сол кезде хирургия, ішкі мүшелер аурулары, жүйке, тері  аурулары бөлек-бөлек шоғырланған. Ауруханалар тек емдеумен ғана емес сонымен қатар жаңа кадрларды дайындаумен де айналысқан. Қазіргі уақыттағыдай таңертеңгілік ауруларды тексеріп, жас дәрігермен тәжірбиелерімен бөліскен, белгілі бір уақыт өткеннен соң емтихан тапсырылып, дәрігер деген атақ алатын. Емханалар өзінің кітапханаларымен белгілі Каирдағы ибн Талул ауруханасының бір өзінде  жүз мыңға тарта кітап болған. Сол уақытта емханалардың айналасын көгалдандыру, ауруға пайдалы өсімдіктер егу ерекше қолға алынған.

Айта кететін жайт, кейінгі ғасырларда Еуропада, нақтырақ алғанда Парижде ашылған аурухана жоғарыдағы талаптар ескерілмейтін, ауру адамдардың ерекшелігі олардың тазалығы, вентиляция шаралары қолға алынбаған, тіпті қайтыс болған адамдар бір күннен кейін бірақ шығарылатын.[3]

Атақты емханалар:

Ислам әлеміндегі емханалардың ішінде ең бастапқыларын айтар болсақ, ең шоқтығы биігі Ғадиди емханасы 981 жылы Бағдад қаласында негізі қаланған. Алғашқы уақытта 24 дәрігер қызмет атқаратын, кейін бұл көрсеткіш өсті. Емхананың құрамында ғылыми кітапханасы, дәріханасы, асханасы болған. Күнделікті 24 сағат бойы дәрігерлер қызмет атқаратын.

Ислам әлеміндегі емханалардың бірі  – Дамаскдегі ән-Нұри ауруханасы. Бұл аурухананың құрылуына Сұлтан әл-Адил Нуруддин махмуд себеп болған,  1154 жылы. Ең ұзақ қызмет жасағат ауруханалардың бірі 1899 жылға дейін ауруларды қабылдаған.

Сонымен қатар ислам тарихында атақты ауруханалардың бірі – Мансури ауруханасы. Бұл аурухана Мамлюктердің кезінді Каир қаласында әл-Мансур Сейфу әд-Дин Қалауунның басшылығымен ашылған 1284 жыл. Бұл сол замандағы  алпауыт ауруханалардың бірі,  бір емделгенде 4000 ауруды қабылдай алған.

Мағрибте (Мароккo)  Муахиддиндердің кезінде, әл-Мансур Әбу Юсуфтың кезінде (1184-1199 билік құрған жылдары) салынған Марракиш ауруханасын айтып өтпеске болмайды. Көркемдігі тазалығы жағынан өте жоғарғы орынға ие. Аурухананың ішінде төрт кішігірім жасанды көл, ағаштардың барлық түрлері кездескен.

[1] Ибн Қафтидың «Тарих хукама» кітабының 405 беті.

[2] Махмуд әл-Хааж Қасымның «Тиб инда әл-араб уә әл-муслимин» кітабының 328-329 беті

[3] Мустаф әс-Сабағидың «Мин рауаиғ хадаратина» кітабының 116-117 беттері

[4] Мустаф әс-Сабағидың «Мин рауаиғ хадаратина» кітабының 116-117 беттері

 

 

(Жалғасы бар)

«Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы

Әділбеков Хамзат

Return to Top ▲Return to Top ▲