БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Әминә Мұхаммедтің айтуынша, «шеткі қайыршылық деңгейі 11% дейін төмендеген», бірақ шамамен 767 млн адам әлі де «сұмдық жағдайларда» өмір сүруде.
Сондай-ақ, дипломаттың айтуына қарағанда, Шығыс және Оңтүстік Азия елдері қайыршылықпен күресте үлкен жетістіктерге жеткен, алайда Африка қиын аймақ болып қала беруде. Себебі, құрлықтағы барлық тұрғындардың 42 пайызы кедейлік қамытын киген. Өткен жылдың қазан айында БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун Жер бетіндегі 800 миллиондай адам аштықта өмір сүріп жатқанын мәлімдеген болатын.