IX Халықаралық мұсылмандар форумына қатысушы Евразия мүфтилері Мәскеу қаласының тарихи ғимараты – Орталық мешітінің күмбезіне Ай қою рәсіміне қатысты. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан құлшылық ордасының құрылысы толықтай 2015-жылы Құрбан айт мейрамына қарсы аяқталады.
Алайда, Ресей Мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдиннің айтуынша, 10 000 адамдық Орталық мешіттің салтанатты түрде қайта ашылуы 2016-жылдың 20-25 мамыр аралығына жоспарланып отыр. Айтулы шараға ресей, Түркия, қазақстан, Қырғызстан және Палестина басшылары шақырылмақ.