«Қызылжар» орталық мешітінде дүйсенбі күні өткізілген «Дін және зайырлы қоғам» атты конференциямен қат-қабат екі күндік семинар ұйымдастырылды. Оған қатысқан аудандардың имамдары мен ауыл молдаларына арналған шараны орталық мешіттің ұстазы Хамзат Әділбеков кіріспе сөзбен ашты. Одан кейін мешіттің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай қазіргі діни ахуал туралы хабарлама жасады. Ал ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай Өтпенов Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы, имамдардың тұлғалық келбеті және олардың этикасы туралы кеңінен түсіндірді. ҚМДБ-ның уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров болса өз саласына қатысты әңгіме қозғады. Семинардың екінші күні ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай өңіріміздегі діни ахуалға қатысты жан-жақты әңгімелеп берді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі.