Солтүстік Қазақстан облысының діни бірлестіктер басшыларының клубы осыдан екі жыл бұрын құрылған болатын. Жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан оның отырысының биылғысы облыстық ассамблеяда болды.
Онда еліміздегі дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы айтылды. Облыстық дін істері жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Б.Мұқанованың баяндамасы осы мәселеге арналды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында алға қойылған міндеттер талқыланды.
Бұл мәселелер жөнінде Петропавл ы Булаев епархиясы мен Солтүстік Қазақстан облысының христиандар шіркеуінің басшылары лебіздерін білдірді. Елбасының мақаласынан туындайтын міндеттер «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлының хабарламасына да арқау болды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі