Түркияның Хасеки діни жоғары академиясының биылғы бітіруші түлектерінің 20-сы – қазақстандық. Олардың барлығы да аталмыш шетелдік оқу орнының үздік түлектері. Хасеки діни жоғары оқу орнына Қазақстандағы медресе бітірушілері 2013 жылдан бастап қабылдана бастады. Сол жылы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Түркияға жасаған іс-сапар барысында Түркия Республикасы Дін Істер басқармасының төрағасы, Бас мүфтиі Мехмет Гормез мырзамен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген еді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей нұсқауымен, діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев жұмыс сапармен Хасеки жоғары діни академиясының Стамбул және Кония қалаларындағы мекемелерінде болып, мекеме директорлары және ұстаздарына ҚМДБ атынан алғыс білдірді. Осы оқу орнының басшыларының иығына қазақи үлгідегі шапан жауып, сый-сияпат жасап, Бас мүфти атынан құрмет көрсетті.
Қазіргі таңда Хасекиде қазақстандық 75 шәкірт білім алуда. Студенттермен кездескен ҚМДБ бөлім басшысы Бақтыбай Қыдырбайұлы шәкірттердің қал жағдайлары және оқу үлгерімдерімен танысып, бітіруші түлектерді қызметке бөлді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
мешітінің баспасөз қызметі