«Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Алматы орталық мешітінде жиналыс өтті. Жиынға Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы қатысты.
Жиын барысында 2017-2018 оқу жылының жоспары, өтетін іс-шаралар, сонымен қатар, әйел жамағатымен әйелдерге қатысты мәселелерді талқылау мақсатында кездесулер ұйымдастыру қажеттілігі айтылды.
Нұрбек қажы Ұстаздық – жауапкершілігі мол қызмет екендігін, оған селқос қарауға болмайтындығын, дін саласындағы қызмет екі дүниеде де маңызды әрі абыройлы қызмет екендігін баса айта отырып, тұшымды уағыз-насихат айтты.
Жиналыс соңында ұстаздардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, оларға жауап берілді.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі