Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлемдер болсын.Аса рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз.
«Намазды толық орындаңдар және зекетті беріңдер», – деп айтылған.
Ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)
зекетті бес парыздың ішінде атап:
Зекет –Ислам дінінің негізгі бес тіректерінің бірі. Зекет тілдік тұрғыда: тазару, өсу, өну, арту және береке деген мағыналарды білдіреді. Ал шариғатымызда зекет деп- нисап көлеміне жететін дәулетті бар мұсылман кісінің Алла разылығы үшін байлығының бір бөлігін жылында бір рет Құранда көрсетілген топтағы адамдарға беруді айтады.
Алла Тағала Қасиетті Құранның көптеген аяттарына зекетті намаз құлшылығымен бірге бұйырған. Бұл да бізге зекеттің қаншалықты маңызды іс екенін көрсетуде.Мысалы:Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 43-ші аятында:
«Ислам бес нәрсеге негізделген: Алладан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед (с.ғ.с) оның Елшісі екендігіне куәлік беру, намазды орындау, зекет беру, рамазан оразасын ұстау, шамасы келген кісіге Алланың үйіне қажылық ету»,-деген.
Зекеттің түрлері адамның иелігіндегі мал-мүлікке байланысты бөлінеді. Мысалы: төрт түлік малға, алтын-күміске, егінге және сауда заттарына. Осыған орай жылқы зекетінің үкіміне кеңірек тоқталғым келеді.
Жылқы зекетінің үкімі: меншіктегі жылқы екі түрлі үкімде қарастырылады. Ол не қолда күтілген жылқы, не өрістегі жылқы. Қолда күтілген не өрістегі жылқылар көлік, жүк тасу, соқа жегу мақсаттарын көздесе, зекет төленбейді. Өйткені бұл жағдайда олар қалыптағы тіршілік қажеттіліктерін ғана жабады. Ал зекет болса, тіршілік қажеттіліктерінен артылған әрі өсіп-өніп тұрған мүліктен ғана төленеді.
Қолда күтілген не өрістегі жылқыдан сауда мақсаты көзделсе, ижмағ (ислам ғұламарының белгілі бір мәселелнің үкімінде ортақ көзқараста болуы) бойынша сауда тауарларына тән зекеті төленеді. Өйткені саудаға әзірленуі жылқы малының негізгі қажеттіліктерден артылып,өсіп-өніп тұрғанын білдіреді.
Жылқының нисабы-85 грамм алттынның құнымен есептеледі.
Жылқылар тек байтал немесе айғыр-байтал болып аралас болуы және оларды қосып бағасын есептегенде, құны нисап мөлшеріне жетуі шарт. . Жылқылардың бағасы ақшалай есептеліп, оның 2,5%-ы (40/1) зекетке бөлінеді.
Әбу Хурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: Жылқы үш түрлі болады: Кей адамның соры, кей адамның қорғаны және кей адам үшін сауап көзі болады. Иесінің соры болар жылқыға келсек, иесі оларды өзгелердің алдында мақтану әрі көкірек керу мақсатында немесе мұсылмандарға қарсы соғыста қолдану үшін баптайды. Бұндай жылқы иесінің соры. Иесінің қорғаны болар жылқыға келсек, иесі оларды дін жолында ұстап, сол жылқыларының арқасында тапқан таянғанынан Аллаһ разылығы үшін кедейлердің ақысын да беруді ұмытпайды. Бұндай жылқы иесінің (дүниеде пақырлықтан, ақыретте тозақ отынан) қорғаны болады. Ал, иесіне мол сауап әкелетін жылқы болса, иесі оларды Аллаһ жолында ұстап, мұсылмандардың игілігіне пайдалану үшін жайылымда немесе кең бақшада бағады. Оған жылқыларының әлгі жайылымда немесе бақшада жайылып жүріп жеген шөбінің мөлшерінде, сол жерде қалдырған тезегі мен төккен зәрінің мөлшеріндей сауап жазылып отырады. Әрі жылқы жібінен босап кетіп жайылымды бір-екі айнала шабатын болса, қалдырған әрбір ізі және тастаған тезегі мөлшерінде Аллаһ тағала оған сауап жазады. Сондай-ақ, иесі оларды өзінің жағалауымен айдап өткенде суғарғысы келмесе де жылқылары өздігінен су ішсе, Аллаһ тағала оған жылқыларының ішкен суының мөлшеріндей сауап жазады-деп айтты.
«Qyzyljar qalalyq meshiti-нің бас имамы: Исаев Қ.А.
