ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданына қарасты Пресновка ауылында аудандық « Тәубә » мешіттің ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш өтті. Игі шараға өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы мен облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Мухаммадсолих Одилұлы арнайы қатысты.

Мәуліт кешінің басты мақсаты – адамзаттың ардақтысы, пвйғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеге келген мерейлі мейрамды насихаттау, оның көркем мінезі мен өнегелі өмір жолын жамағатқа үлгі ету болды.

Кеш барысында пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өмірі мен ислами құндылықтар жайлы уағыздар айтылып, имандылыққа шақыру. Іс-шара соңында жамағатқа дастархан жайылып, қатысушылар бірлік пен берекеге толы отырыстың шапағатын сезінді.

Return to Top ▲Return to Top ▲