«Құран» сөзінің этимологиясына байланысты ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер бар. Мәселен, кейбір ғалымдар «Құран» сөзін («Һәмза» әріпі « » («Куран» сөзінің түбірінен болып табылады), -деп) «Һәмзалы» екендігін айтса, кейбірі «Һәмзасыз» деп қарастырған. Әл-Фәрра1 , әл-Әшғари2 сынды ғалымдар «Құран» сөзін «Һәмзасыз» түбірден шыққан дейді. Ал, имам әш-Шафиғидің пікірі бойынша: «Құран» сөзі қандай да бір сөзден туындамаған, сондай-ақ « » – «оқу» сөзінен де алынбаған, ол Аллаһ тағала тарапынан берілген атау». Және. «Құран сөзі « » («қараә») сөзінен алынған болса, барлық оқылған нәрсе Құран болуы керек еді, бірақ Құран да Тәурат, Інжіл секілді өзіндік бір атау ғана», – деген.
Әл-Фәрраның көзқарасында Құран – «дәлел, айғақ, ұқсас, байланыс» мағыналарын ұғындыратын – («қариннәһ») сөзінің көпше түрі – («қараин») сөзінен туындаған. Яғни, « » («қарааин») сөзіндегі «нун» әрпі – сөздің түбірінен екендігін алға тартқан. Өйткені Құран аяттары мазмұн, ырғақ, ұйқас жағынан бір-біріне ұқсап, бір-біріне дәлел болады.
Әл-Әшғари мен оның пікірін қолдаушылар болса: «Құран сөзі – «бір нәрсені бір нәрсеге жақындату, жалғау» мағынасындағы « » («каранә») етістігінен шыққан», – деп мақұлдайды. Себебі, Құран сүрелері мен аяттары бір-бірімен жалғасып келеді. Мысалы, қажылық кезінде «қажылық» пен «Умраны» қосып, жалғағандықтан, оған – «Қиран» деп ат қойылған.
Ал, әз-Зәжжәж3, әл-Лихяни4 секілді ғалымдар: «Құран» сөзі – «һәмзалы», – деп, «Һәмза» әрпі – сөздің негізгі түбірінен екендігін дәлелдеген.
Әз-Зәжжәж: «Құран» сөзі – «жинау», «жинақтау» деген мағыналарды білдіретін – « » («карун») сөзінен шыққан»,- дей отырып, Кітаптың «Құран» аталу себебін: «Бұрын түсірілген қасиетті парақтар мен кітаптардың негізгі қағидаларын, сондай-ақ, өз ішінде күллі ғылымдардың толық қамтылғанына байланысты солай аталған»,- деп түсіндіреді.
Әл-Лихяни сынды ғалымдар, араб тілінің көне сөздіктері мен этимология заңдылықтарына сүйене отырып: «Құран» сөзі араб тілінде – « » яғни, «оқу» деген мағынаны меңзейтін етістіктен туындаған есім сөз», – дейді.
Бұл – ең көп оқылатын кітап болғандықтан «Құран» деп аталған. Өйткені, «Құран» – есім сөзі, «исми мафғул» мағынасын білдіреді. Ислам ғалымдарының ең көбі қолдаған көзқарас та осы. Сонымен қатар олар өз көзқарастарын Құран Кәрімнің:
«Шын мәнінде, оны (Құранды) жинау әрі оқыту Біздің міндетіміз. Ал, оны (Құранды) оқыған кезімізде, (оның) оқылуына мұқият ілесіп отыр» («Қиямет» сүресі, ), – деген аяттарымен қуаттайды.
Субхи әс-Салих5 шығыстанушылардың зерттеулеріне жүгініп, араб тіліндегі «оқу» мағынасын беретін « » сөзінің арами тілінен енгендігін алға тартады6. Алайда, «оқу» мағынасындағы « » сөзі исламнан бұрынғы ерте кезден-ақ арабтардың арасында кеңінен қолданыс тауып, кейін ислам дінінің қасиетті кітабының атауына негіз болды.
Құранның анықтамасы Құран Кәрімнің ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу келе, ғалымдар оған бірнеше анықтамалар берген. Осы анықтамаларды қорыта отырып, Құранға: «Құран Кәрім – Араб тілінде «Фатиха» сүресімен басталып, «Нәс» сүресімен аяқталатын, жадыларда жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша және жазбаша түрде мутауатир жолмен бір әріпі де өзгеріске ұшырамай жалғасатын, әрі оқылуы ғибадат саналатын, Ұлы жаратушы Аллаһ тағаланың пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) түсірген қасиетті сөзі», – деген анықтама беруге болады.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Құранға берген анықтамасы
Әл-Харис әл-Ағуар: «Мешітке кірсем, ондағы адамдар бос әңгімеге кірісіп кетіпті. Мен Алиге барып: «Уа, мүміндердің әміршісі! Адамдардың бос сөздерге бой алдырғандарын көрмейсің бе?» – дедім. Ол: «Шынымен солай істеп жатыр ма?» – деп сұрады. Мен: «Иә»,- деп жауап қайтардым. Али: «Мен Аллаһ елшісінің: «Естеріңде болсын, алдағы уақытта бүлік бой көтереді», – дегенін естіп, одан: «Уа, Аллаһтың елшісі! Одан қандай жол арқылы құтылуға болады?» – деп сұрадым. Сонда ол (с.ғ.с.):
«Аллаһтың кітабында сендерден бұрынғы (елдердің жағдайларына қатысты) хабарлар мен сендерден кейінгі (қияметке дейін орын алатын жайттар хақында) хабарлар баяндалған және араларыңдағы үкімдер бар. Сонымен қатар, ол – ақиқат пен жалғанды ажыратушы, ешқандай бос сөз, әзіл емес. Кімде-кім бір залымнан қорқып, оны тастап қойса, Аллаһ оны құрдымға жібереді. Кімде-кім одан басқа тура жол іздесе, Аллаһ оны адастырады. Ол – Аллаһтың ең бекем арқаны (үкімі). Оның іші даналық пен зікірге толы. Ол – тұп-тура жол. Ол – өзіне бағынғандарды тура жолдан таюдан, өзін оқығанды (тілдерді) шатасудан сақтайды. Ғалымдар оған тоймаған. Оны көп оқушы оқыған сайын жалықпас һәм оның дәмі де жоғалмас. Ғажайыптығы да таусылмас. Оны естіген жындар да: «Біз тура жол көрсеткен ғажайып Құранды естідік, оған иман келтірдік», – деп, таңданысын жасыра алмаған. Құранмен сөйлеген адам дұрыс сөйлейді. Онымен амал еткен адам сый-сияпатқа бөленеді. Кімде-кім онымен үкім етсе, әділдікпен үкім етеді. Кімде-кім оған шақырса, тура жолға шақырған болады», – деді. Кейін Али (р.а.) маған: «Иә, Әғуар, сен де осы сөздерді жадыңда сақта», – деп кеңес берді», – деген7.
- Хадис және сүннеттің тілдік және терминдік мағынасы
«Хадис» сөзі исламға дейінгі кезеңде де араб тілінде қолданыста болған. Тілдік тағынан «ескі» сөзінің антонимы «жаңа» мағынасын беретін «хадис» сөзі – «хабар», «сөз» мәніне де келеді. Осы сөзден «Хабар беру», «жеткізу», «айту» сияқты кейбір етістіктер туындайды. Мысалы:
«(Мұхаммед с.а.с.) енді олар бұл сөзге (Құранға) сенбесе, арттарынан кейіп, өзіңді жоя жаздайсың» (Кәһф сүресі, 6);
«Аллаһ аяттары бір-біріне ұқсас қайталанып отыратын, сөздің ең көркемін Кітап түрінде түсірді…» (Зүмәр сүресі, 23) және
«Ендеше, егер олар рас айтушы болса, Құранға ұқсас бір сөз келтірсін» (Тұр сүресі, 34),– деген Құран Кәрім аяттарындағы «хадис» сөзі, хабар немесе сөз мағынасында қолданылып, Құран Кәрім мағынасында да келген.
Ал «Раббыңның нығметінен хабар бер (білдір)» (Дұха сүресі, 11) аятында осы сөзден «хабар бер», «жеткіз» мағынасындағы етістік туындаған.
Терминдік мағынасы жағынан хадис жалпы пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөздеріне таңылғанымен, ислам ғалымдарының арасында осы сөздің мағынасын анықтауда әр салаға қарай түрлі көзқарастар қалыптасқан.