«ҚҰРАН ІНЖУЛЕРІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлының жаңа еңбегі — «Құран інжулері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен мешіт жамағаты қатысты.

Жаңадан жарық көрген бұл еңбек — қасиетті Құран Кәрімнің сүрелері мен аяттарының мәні мен мазмұнын тереңірек танып-білуге арналған рухани-танымдық туынды. Автор әр сүрені бес түрлі бағыт бойынша талдап, оқырманға ой саларлық түсініктемелер ұсынады.

Кітап дін қызметкерлері мен ұстаздарға, сондай-ақ жалпы оқырман қауымға арналған.

Return to Top ▲Return to Top ▲