ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ИМАМДАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОБЫ ОҚУ КУРСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ ӨҢІР ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
QURBAN.MUFTYAT.KZ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
6 МАУСЫМ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ!
previous arrow
next arrow

ПАЙҒАМБАР (С.Ғ.С) ЖҰБАЙЛАРЫМЕН ҚАЛАЙ ЕДІ?

Алланың сүйікті елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) жанұясына ерекше мейірімді еді, әйелдеріне ерекше құрмет көрсетіп, оларға сөздерінің маржанын арнайтын. Өзінің үмметіне айтқан өситетінде: «Сендердің жақсыларың жанұясына жақсы қарағандарың, мен сендердің ішінде жанұясына ең жақсы қарайтын адаммын»[1], деген.

Осы өсиетті өмірінде орындай іс жүзінде орындай білді. Жанұясымен ерекше қарым-қатынасының көрінісі – олармен тату-тәтті өмір сүретін, оларған барлық жылы сөздерін арнайтын, әзілдейтін, ерекше талғаммен еркелететін, қиналғанда демеу болатын. Соның бір мысалы Айша анамыздың атын толық айтпай, «Айш» деп қысқартып айтатын, қызыл реңіне тәнті болып, «Қызғылтым» деп еркелететін, әкесіне деген құрметін паш ету үшін «Әбу Бәкірдің қызы» деп, құрмет қылатын.

         Пайғамбар (с.ғ.с) үй жұмысында әйелдеріне  жәрдемдесетін, Айша анамыздан жеткен хабарда Пайғамбар үйде не істеуші еді?, деген сауалға: «Жанұясына жәрдемдесетін, намаз уақыты кірген кезде дәрет алып намазға шығатын»[2], деп жауап берген. Басқа бір хадисте: «Өз киімін өзі жамайтын, аяқ-киімін жөндейтін, ер адамдар үйлерінде жасауы тиіс істі пайғамбар да жасайтын»[3]. Ол өзінің хадисінде: «Сауап тұрғысынан ұлы амалдардың бірі – жанұяға жұмсалған қаражат»[4],  деген.

         Пайғамбар (с.ғ.с) әйеліне сезімен білдіруді арланбайтын. Сахаба Амр ибн әл-Ас Алла Елшісінен (с.ғ.с): «Ең жақсы көретін адамыңыз кім?» – деп сұрағанда: «Айша», – деп жауап беріпті.Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір күні Айшаға Умму Зарр туралы хикаяны баяндап, сөзінің соңын: «Умму Зарр Әбу Зарр үшін қандай болса, сол секілді сен де маған сондайсың», – деп аяқтайды. Күйеуінің бұл сөзіне орай өзінің де терең махаббатын білдірген ол: «Сен мен үшін Әбу Зарр Умму Заррға қымбат болғаннан да қымбатсың», – дейді. Бұл – «сіз мені жақсы көргеннен де қатты жақсы көремін» дегені.

         Алла Елшісі (с.ғ.с) сапарға шыққанда жарларын (жеребе бойынша) өзімен бірге алып жүретін әдеті бар еді. Айша анамызбен бірге сапарға шыққанда онымен әзілдесіп, тіпті жүгіріп жарысып, бірде Айша бірде пайғамбарымызды (с.ғ.с) енді бірде пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  озғаны жайында сира кітаптарында деректер бар. Сафия анамызға тізесін қойып түйеге мінгізетін, өмірден озған сүйікті жұбайы Хадиша анамыздың құрбыларына қой сойып, сый жасайтын, жалпы кез-келген әйеліне пайғамбар ерекше құрмет жасайтын.

         Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жаұядағы ерекше қасиеттерінің бірі – әйелдерінің  қате-кемшіліктерін көркем түрде түзеуі.  Бірде Айша анамыз пайғамбарды (с.ғ.с) қызғанып, оның басқа әйелі беріп жіберген тамақ салынған ыдысты сындырып қояды. Бұған куә болғандар мұсылмандардың анасынан мұндай қылықты күтпеген еді. Сол мезетте Расулалла (с.ғ.с) жанындағыларға бар болғаны: «Мұсылмандардың анасын қызғаныш билеп алды», – деп оқиғаны жылы жауып, мәселені көркем түрде жақсылыққа қарай ауыстырып қойды. Өзін ұстай алды әрі әйелін ұстамдылыққа тәрбиелей білді. Кекшілдік емес, кеңшілік жасады.

         Міне, пайғамбарымыз (с.ғ.с) жанұясымен осылай болған.


[1] Тирмизи хадистер жинағы

[2] Муслим хадистер жинағы

[3] Ахмад хадистер жинағы

[4] Муслим хадистер жинағы

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Жастар – руханият шамшырағы» ІІ республикалық Жастар форумында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы су тасқыны кезінде ел тұрғындарына көмек беріп, белсенді жұмыс атқарған азаматтарға алғыс хат табыстады. марапатталғандардың арасында облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Мақсат Жұмажанов та бар.

«Сізге Діни басқарманың игі бастамаларына қолдау білдіріп, ел басына күн туған қиын сәтте көмекке мұқтаж жандарға демеу болғаныңыз үшін алғысымды білдіремін. 2024 жылдың көктемі еліміздің Қостанай, Ақтөбе, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстары, өзге өңірлер үшін де оңай болмады. Су тасқыны қоңыр тіршілік кешіп отырған қарапайым тұрғындарды әбігерге салып, қиындық келтірді. Ел басына күн туғанда етігімен су кешкен еріктілердің қатарында сіз де болдыңыз. Өскен жерін, өмір сүріп отырған баспанасын су басқан талай отбасыға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жастары, еріктілері қатарында болып, жанашырлықпен жәрдем жасадыңыз. Алла Тағала жұдырықтай жүрегіңіздегі таудай ниетіңізге разы болсын! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, жұмысыңызға береке тілеймін» делінген алғыс хатта. 

СҚО: «КОМПОТ» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Петропавл қаласындағы «Компот» дәмханасының халал сертификаты жаңартылды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Мақсат Аманжолұлы дәмханада аудит жұмыстарын жүргізіп, «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Сертификаттау барысында толыққанды аудит жүргізіліп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді барлық процесс тексерілді. Аудиттің оң нәтижесінен кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді жергілікті өкіл.

«QAMQOR-SHARAPAT» САЛТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЦИФРЛАНДЫРУ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі «Қызылжар» орталық мешітінде «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының қызметін цифрландыру» атты семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға СҚО бас имамы Хамзат Қажымұратұлы және ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, өңірдің түкпір-түкпірінен келген дін қызметкерлері қатысты.

Семинарда ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы: «Біз қазіргі таңда IT саласының мамандарымен меморандум жасап жатырмыз. Жылдың аяғында осы республикадағы 20 облыс орталығындағы зираттар цифрландырып болғаннан кейін жыл аяғында іске қосамыз. Бұл әлі қолданысқа енгізілген жоқ. Осы облыс цифрландырып жатқан 15-ші өңір болып саналады. Соған байланысты техник мамандармен келдік. Біздің мешіттің жамағаттары, еріктілермен бірігіп, әр қабірдің басында орналасқан құлыптасты фотоға түсіреміз. Кейін біріктіріп барлығын жинаймыз»,- деді.

Ол өз сөзінде салттық қызмет көрсететін орталығы ҚМДБ ұсынған үлгіге сай жұмыс жүргізіп, қабірлерді және жерлеу рәсімдерін бірізділікке келу бағытындағы шаралар халықтан қолдау тауып жатқандығын жеткізіп отыр. Семинарда сонымен қатар «Qamqor-Sharapat» қызметі жайлы және ҚМДБ-ның «Зират және зиярат мәдениеті», «Ас беру мәдениеті» құжатына сай жерлеу, ас беру, басқа да діни рәсімдерді өткізу жолдары түсіндірілді.

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНЕ ПРОРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университеті Қамқоршылар кеңесінің кезекті тоғызыншы отырысы өтті.

Онлайн форматта өткен жиынға Қазақстан тарапынан Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ал Мысыр Араб Республикасы тарапынан Уақыптар министрі шейх Усама әл-Әзһари, Мысыр мүфтиі Назир Аяд, сондай-ақ Қазақстанның осы елдегі Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф пен Қамқоршылар кеңесінің өзге де мүшелері қатысты.

Кеңес отырысында еліміздегі бірегей діни білім беретін Нұр-Мүбарак университетінің жаңа ректоры мен проректорын тағайындау, сонымен бірге білім ордасының жұмысын жетілдіру мен одан әрі дамыту жөнінде арнайы Комиссия құру жөнінде пікір алмасу болды. Алғашқы болып Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кеңесті ашып, сөз кезегін МАР Уақыптар министрі шейх Усама әл-Әзһариға берді. Мысыр министрі Нұр-Мүбарак университетінің екі ел арасындағы ынтымақтастық пен рухани байланыстың үлкен нышаны екенін айта келе, Мысыр тарапынан білім ордасына жаңа ректор Ахмад Хусейннің тағайындалғанын жеткізіп Қамқоршылар Кеңесінің мүшелері қолдауларын сұрады. Кеңес мүшелері қолдап, оң дауыс берді. 

Ал өз кезегінде Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Нұр-Мүбарак университетінде білім беру сапасын одан әрі дамыту және заманауи оқу бағдарламасын әзірлеу керектігіне назар аударды.

Бұдан кейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарма Нұр-Мүбарак университетінің құрылтайшысы ретінде Қамқоршылар кеңесіне Қазақстан тарапынан Нұр-Мүбарак университетінің проректоры лауазымына бұған дейін ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти қызметін атқарған исламтанушы-ғалым, PhD доктор Ершат Ағыбайұлын ұсынып, Қамқоршылар Кеңесінің мүшелерінен қолдауларын сұрады. Кеңеске қатысушылар бұл ұсынысты оң дауыс беру арқылы қолдап, Ершат Ағыбайұлы 2024-2028 жылдар аралығы мерзімге Нұр-Мүбарак университетінің проректоры болып тағайындалды. Өз кезегінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аталған білім ордасының бұрынғы ректоры Мұхаммед аш-Шаххат әл-Жинди және проректор қызметін атқарған Қайрат Құрманбаевтың еңбегін жоғары бағалайтынын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

«БЕРЕКЕ» ШАҒЫН АУДАНЫНДА МЕШІТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Облыс орталығының «Береке» шағын ауданында жаңа мешіт салынып жатыр. Оның құрылысымен өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы танысты.

Жаңа мешітке Ұлт көсемі, алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның есімі берілмек. Қазір мешітте ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, Алланың үйінің салынуына дінге жанашыр жандар ат салысуда.

Жаңа мешіттің маңы абаттандырылып, Әлихан Бөкейхан атындағы аллея пайда болады. Сәтін салса, мешіт қазан айында Республика күні қарсаңында салтанатты түрде ашылады.

ТАУАҒАШ АУЫЛЫНДА НАМАЗХАНА АШЫЛДЫ

Есіл ауданы Тауағаш ауылында намазхана ашылды. Кәсіпкердің демеушілігімен тұрғызылған ғибадат үйі 50 орынға шақталған.

Салтанатты іс-шараға облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Тойбазар Айтуған қатысып, ауыл тұрғындарына шынайы лебізін білдіріп, қуанышына ортақтасты.

Бұл күні елді мекенде спорттық іс-шаралар да ұйымдастырылды. Жаңа намазхана ашылған соң, қонақтарға ас берілді.

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Солтүстік Қазақстан облысында «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен «мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Оған өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы арнайы қатысты. Игі шара барысында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және жалғызбасты аналардың балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтары бар сөмкелер үлестірілді. Киім-кешектер де берілді. Ұйымдастырушылар қайырымдылық акциясына атсалысқан қолы ашық, жомарт жандарға ризашылығын білдірді. Айта кетейік, СҚО бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 400 отбасыға көмек көрсетілді.

ХАДИС ЖӘНЕ СҮННЕТТІҢ ТІЛДІК ЖӘНЕ ТЕРМИНДІК МАҒЫНАСЫ

«Хадис» сөзі исламға дейінгі кезеңде де араб тілінде қолданыста болған. Тілдік тағынан «ескі» сөзінің антонимы «жаңа» мағынасын беретін «хадис» сөзі – «хабар», «сөз» мәніне де келеді. Осы сөзден «Хабар беру», «жеткізу», «айту» сияқты кейбір етістіктер туындайды. Мысалы:


«(Мұхаммед с.а.с.) енді олар бұл сөзге (Құранға) сенбесе, арттарынан кейіп, өзіңді жоя жаздайсың» (Кәһф сүресі, 6);

«Аллаһ аяттары бір-біріне ұқсас қайталанып отыратын, сөздің ең көркемін Кітап түрінде түсірді…» (Зүмәр сүресі, 23) және

«Ендеше, егер олар рас айтушы болса, Құранға ұқсас бір сөз келтірсін» (Тұр сүресі, 34),– деген Құран Кәрім аяттарындағы «хадис» сөзі, хабар немесе сөз мағынасында қолданылып, Құран Кәрім мағынасында да келген.
Ал                                 «Раббыңның нығметінен хабар бер (білдір)» (Дұха сүресі, 11) аятында осы сөзден  «хабар бер», «жеткіз» мағынасындағы етістік туындаған.
Терминдік мағынасы жағынан хадис жалпы пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөздеріне таңылғанымен, ислам ғалымдарының арасында осы сөздің мағынасын анықтауда әр салаға қарай түрлі көзқарастар қалыптасқан.

         Фиқһ негіздері ілімі (усул) ғалымдарының анықтамасында хадис – пайғамбарымыздың (с.а.с) сөзі, ісі және құптағандары. Бұл тұрғыда ол осы мағынада қолданылатын сүннет сөзінің синонимы болып табылады. Хадис ғалымдарының пікірінше, хадис сөзі тек пайғамбардың (с.а.с) сүннетіне ғана емес, сахабалар мен табиғиндердің көзқарастары мен іс-әрекеттерін бейнелейтін хабарларға да таңылады. Бұл жерде хадис сөзінің мағынасы  хабар ұғымының баламасы ретінде келеді. Осыған сай сахабаның сөзі, ісі және мақұлдауы – мауқуф хадис, ал табиғиннің сөзі мен ісі – мақтуғ хадис деп те аталады.

         Енді бір хадис ғалымдары хадис пайғамбардың (с.а.с.) сөздеріне ғана тән, ал басқалардан келген сөздерді хабар, яки әсер деп санаған. Олар хадис пен хабардың арасында бар екендігін, бірақ, әрбір хабардың хадиске жатпайтындығын ескертеді1.

         Имам ән-Науауи Хорасан фиқһ ғалымдарының мауқуф хадисті әсер, марфуғ хадисті хабар деп атағандығын, ал хадистанушыларда екеуі де әсер деп танылатындығын айтқан2.

         Хадис сөзіне қатысты түрлі мағынадағы анықтамалар болса да, хадис сөзін естіген уақытта пайғамбардың (с.а.с.) сөзі, ісі және қандай да бір сахабасының іс-әрекетін көзбен көріп, мақұлдауы ойға оралатыны анық. Бұл тұрғыда хадис – «сөз»,  «іс және құптауды» ұғындыратын сүннет сөзінің синонимы болып, тамыры сонау пайғамбар (с.а.с.) дәуірінен бастау алады. Бұған танымал сахаба Әбу Һурайра (р.а.) тарапынан қойылған бір сұраққа пайғамбардың (с.а.с.) берген жауабы айқын дәлел болады. Әбу Һурайра (р.а.): «Мен: «О, Аллаһтың елшісі! Қиямет күні сенің шапағатыңа бөленетін ең бақытты жан кім?» – деп сұрадым. Аллаһ елщісі (с.а.с.) «Ей, Әбу Һурайра! Сенің хадиске деген құштарлығыңды көріп, бұл хадис жайлы сенен бұрын ешкім сұрамаса керек деп ойлағанмын! Кім шын жүрегінен немесе жан дүниесімен: «Лә илләһә илләллаһ», – деп айтса, сол Қиямет күні, шапағатым арқылы ең бақытты жан болады», – деді», -деген3.

         Сол секілді кейбір сахабалардың естіген хадистерін жаттай алмағандықтан пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадис жазуға рұқсат сұрағандары, оларға хадис жазып алуға Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кеңес бергендігі жайлы хабарларда келген «хадис» сөзі – аталған мағынаны, яғни пайғамбардың (с.а.с.) сөзін, ісін және құптауын білдіреді.

         «Сүннет» сөзінің тілдік мағынасына келсек, ол – адамның өмірде басшылыққа алған қағидасы, өмір сүру салты немесе өзгермейтін ұстанымы (дұрыс, яки бұрыс беталысы) болуы да мүмкін. Бұны Аллаһ тағаланың:

         «Сендерден бұрын да жолдар өткен. Жер жүзін кезіңдер, жасынға шығарушылардың соңының ие болғанын  көріңдер» (Әл-Имран сүресі, 137) аятынан және пайғамбарымыздың (с.а.с.):

         «Кімде-кім исламда жақсы жол салса (жақсы амал жасаса), оған, одан кейін оны орындаған адамның да сауабы жазылады. Олардың сауаптарынан ешнәрсе кемітілмейді. Кімде-кім исламда жаман жол салса (жаман амал жасаса), одан кейін оны істеген адамның күнәсі жазылады. Олардың күнәларынан ешнәрсе кемітілмейді4», – деген сөзінен де аңғаруға болады. Айта кету керек, «сүннет» сөзінің араб тіліндегі тілдік мағынасы біздің күнделікті көріп жүрген тас жол, теміржол секілді жолдар емес, бұл – «тіршілік жолы», «өмір жолы», «ұстаным» деген мағынаны береді.

         Пайғамбарымыздың (с.а.с.)

         «…Сендерден (алдағы уақытта) өмір сүретіндер, көптеген келіспеушілікті көреді, (сол кезде) сендер менің сүннетіме және тура жолға бастаушы әділ халифалардың сүннетіне жабысыңдар…»5, – деген хадисінен «тура» не «үлгі тұтып, ұстанатын жол» мағынасын пайымдауға болады.

         Сол секілді, «сүннет» сөзі Құран Кәрім аяттарында «Аллаһтың өзгермейтін үкімі» мағынасында (Фатыр сүресі, 43; Ахзаб сүресі, 38,62; Фәтх сүресі, 23; Муминун сүресі, 85),  «Өзгермейтін ұстаным» мағынасында (Исра сүресі, 77) және «айнымайтын заң» мағынасында (Фатыр сүресі, 43; Әнфал сүресі,38; Хижр сүресі, 13; Кәһф сүресі, 55) келеді.

         Ал, шариғаттағы сүннет ұғымы екі мағынада түсіндіріледі. Біріншісі, фиқх ғалымдарының (құқықтанушылар) анықтамасы, екіншісі, фиқх негіздері ілімі ғалымдарының анықтамасы.

         Фиқх ғалымдары бойынша: «Сүннет – жүзеге асырылуымен сауап таптырып, орындалмауы күнә мен азапқа душар етпейтін шариғат үкімі».

         Фиқх негіздері ілімі ғалымдарының пікірінше: «Сүннет – Аллаһ елшісінен (с.а.с.) жеткен барлық сөз, іс-әрекет және құптау».

         Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерін жеткізушілер тізбегімен бірге жаттаған адам муснид деп аталса, хадис тізбегін және ондағы жеткізушілер мен хадис мәтінін зерттеген ғалымды мухаддис, одан сәл жоғары дәрежедегі хадис ғалымы, хафих, одан кейінгі дәрежесі жоғары тұратын хадис ғалымы хужжа, ал барлық хадистерге қатысты ілімдерді меңгерген хадистанушы хаким деп аталады.

         Жәләлуддин әс-Суюти «Тадрибу әр-рауи» атты түсіндірме еңбегінің кіріспесінде Шейх Фатхуддин ибн Сейидуннастың: «Біздің ғасырымызда хадистерді риуаят және дираят тұрғысынан зерттеген, хадис жеткізушілердің арасындағы айырмашылықтарды біліп, ғасырындағы көптеген рауилер мен хадистерге терең бойлаған және осы тақырыптарда ерең еңбегімен және нақтылығымен танылған тұлғалар мухаддистер деп аталса, осы тақырыптарды одан да ауқымды зерттеп, әрбір кезеңдерге (табақат) қатысты білмегендерінен білгендері көп болған әрі барлық сатылардағы шейхтар (хадис жеткізуші ғалым ұстаздар) мен шейхтардың шейхтарын білген хадистанушы хафиз деп танылған. Ал, ертеректе келген ғалымдардың кейбірінің: «Біз жиырма мың хадис жазып алмаған тұлғаны хадистанушы деп санамадық», – дегені айтылады, әрине бұл олардың кезеңдеріне қатысты», – дегенін жеткізген6.

         Кейбір ғалымдар хафизды жаттаған хадистерінің санына қарай: «Хафиз – хадис тізбегін және тізбектегі жеткізушілердің сенімділігі мен сенімсіздігін анықтай отыры, жүз мың хадис жаттаған хадис ғалымы» – деген. Кей жағдайда «хафиз» термині мухаддис сөзінің баламасы ретінде де қолданылады.

         Хафиздан кейінгі дәрежедегі хадис ғалымы «хужжа» деп аталады. «Хужжа» – хадис саласын жетік меңгерген, еске сақтау мен нақтылықта ерекше қабілетке ие әрі ғұлама хадистанушылар мен басқа да ғалымдар тарапынан айрықша мойындалған хадис ғалымдары. Кейбір ғалымдар «хужжаға» – «хадис тізбегі мен ондағы  жеткізушілердің сенімділігі мен сенімсіздігін және олардың жағдайларын зерттей отырып сегіз мың хадис білген хадистанушы», – деген анықтама берген.

         Ал, «хаким» болса, хадис саласында ең жоғарғы дәрежеге қол жеткізген хадис ғалымы. Яғни, хаким – хадис іліміне қатысты барлық саланы зерттеуші, хадис жеткізушілердің хадистерді кімнен, қалай алғандығын, олардың есімдері мен лақап аттарын, жүрген сапарлары мен өмірбаяндарын, сенімділігі мен сенімсіздігін толыққанды меңгеріп, сегіз жүз мыңнан астам хадис білген хадис ғалымы.

         Дегенмен хадистанушылардың білген немесе жаттаған хадистерінің саны олардың дәрежелеоін айқындайтын нақты бір өлшем деп айта алмаймыз. Сонымен қатар жалпылама, барлық хадис ғалымдары мухаддис деп танылып, жоғарыда келген хадис ғалымдарының әр түрлі дәрежелеріне таңылған сөздер  бір-бірінің баламасы ретінде де қолданылады.

         Сүннетті төмендегідей бөліп қарастыруға болады:

         Пайғамбар (с.а.с.) сөзі           , яғни, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) түрлі жағдайларда және әртүрлі басқосуларда айтқан сөздері. Мысалы, «Әрбір амал ниетке байланысты» деген сөзін алайық. Осы өнегелі сөзді естіген сахаба оны аманат деп біліп, өзге мүмінге жеткізуге асыққан. Ол аманат осылайша ұрпақтан-ұрпаққа насихатталып, хадистанушыларға жеткен. Хадия жинақтаушылар оны тексере келіп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) сөзі екендігіне көз жеткізген соң ғана кітаптарына түсірген. Бұл сүннетті хадис деп айтамыз. Риуаят етілгенде «Пайғамбар (с.а.с.) былай деді»

«Аллаһтың елшісі (с.а.с.) былай дейді»,

«Пайғамбар (с.а.с.) былай бұйырды»

«                                                           », секілді сөздермен басталып келеді. Мұны «Қаули (сөз) сүннет» дейді.

         Іс-әрекеті:                : Пайғамбарымыздың (с.а.с.) іс-әрекеттері мен атқарған амалдары. Мысалы: дәрет алу, намаз оқу, қажылық жасау т.б. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жасағанын көрген сахабалар өздері амалға асырып, оны басқаларға да үйретіп отырған. Бұл сүннет түрінде, хабар пайғамбарға (с.а.с.) тиесілі болмай, оны көріп, түсіндірген сахабадан жетеді. Мұндай хабарлар «Пайғамбарымыз (с.а.с.) осылай істеген болатын»,                        

                                                        , «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) осылай істегенін көрдім», «                                                                          » секілді сөздермен келеді. Осындай іс-қимыл арқылы хадис іліміне енген сүннеттерді «фиъли (іс-әрекет) сүннет» деп атайды.

         Құптауы  (             ), Яғни, пайғамбардың (с.а.с.) көріп, білгеніне қарсылық білдірмей, мақұлдауы. Пайғамбардың (с.а.с.) құптауы сөзбен немесе үнсіз мақұлдау арқылы жүзеге асқан.

         а) Сөзбен құптау (сарих тақрири).

         Пайғамбарымыз (с.а.с.) Муаз ибн Жәбәлді Йеменге жібергелі жатқан кезде, одан, егер қазылық ұсынылған жағдайда қалай үкім шығаратындығын сұрайды. Муаз (р.а.): «Аллаһтың кітабымен, одан таппасам, Аллаһ елшісінің сүннетімен, егер одан таппасам, өзім ижтиһад жасаймын», – дейді. Пайғамбар (с.а.с.) оның жауабына разы болып, көкірегінен қағып: «Аллаһ елшісінің елшісін, Аллаһтың елшісін риза қылатындай жетістікке жеткізген Аллаһқа мадақ болсын», – деп Муаздың (р.а.) сөзін құптаған.

         ә) Үнсіз құптау (зимни тақрири).

         Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хандақ соғысынан қайтқаннан соң: «Бірде-бір кісі Бәни Құрайзаға жеткенше асыр намазын оқымасын!» – деді. Асыр  намазының уақыты жолда кірді. Сөйтіп кейбіреуі: «Намазды бармайынша оқымаймыз», – десе, енді біреулері: «Жоқ, оқи береміз, өйткені, пайғамбар (с.а.с.) бізге бұны айтқысы келмеді (яғни, тезірек Бәни Курайзаға баруымызды қалады)», – деді. Кейіннен бұл жағдай пайғамбарымызға (с.а.с.) білдірілген уақытта, олардың ешқайсысын кінәлаған жоқ», – деп келеді7.

         Сол секілді, әскер қолбасшысы Халид ибн Уалидтің (р.а.) күннің суықтығына байланысты ғұсыл алмастан, тәйәммуммен намаз оқығандығы пайғамбарымызға (с.а.с.) баяндалғанда, үндемеуі арқылы мақұлданғанын білдірген болатын.

         Жалпы такрири сүннет «Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол жағдайды көріп күлімсіреді»

секілді түсіндірмелермен келеді.

         Сипаты (         ); яғни, сүйікті пайғамбарымыздың (с.а.с.) мінездік сипаты (хулуқи) мен бейнелік сипаты (хилқи).

         а) Мінездік сипаты (хулуқи), мысалға:

         «Аллаһ елшісі (с.а.с.) адамдардың ең жомарты еді, ол әсіресе рамазанда Жәбірейілмен (а.с.) кездескенде ерекше жомарттық танытатын»8.

         ә) Бейнелік сипаты (хилқи), мысалға:

         «Аллаһ елшісі (с.а.с.) адамдардың ең келбеттісі және ең мінез-құлқы жақсысы еді, көзге түсетін ұзын бойлы да, қысқа  бойлы да емес-ті»9.

         Сахабар пайғамбарымыздың (с.а.с.) мінез-құлқын, сабырлығын, төзімділігін, жұмсақтығын, батылдығын, шыншылдығын және дене пішімі мен кескін келбетін  сипаттап берген. Мұндай мағлұматтар риуаят болып, хадистанушылар арқылы мұсылман үмбетіне жеткен. Мысалы: Имам әт-Термезидің «Шәмәилу ән-Нәби (с.а.с.)» («Пайғамбардың (с.а.с.) қадір-қасиеті») атты кітабы пайғамбарымыздың (с.а.с.) мүбәрак келбетін сипаттауға арналған құнды еңбек. Басқа хадис ғалымдары да осы мағынадағы хадистерден өздеріне жеткендерің риуаят етіп қалдырған. Бұл сипаттардың шарғат үкімдері мен жауапкершілікке қатысы жоқ. Хадистанушылардың оны сүннет анықтамасына қосуының себебі, олар, көркем мінез-құлық, мейірімділік, сабырлық, жомарттық секілді пайғамбар (с.а.с.) сипаттары әрбір мұсылманның үлгі-өнеге алатын, ұқсап бағуға тырысатын сипаттар болып табылатындығын дәлел етеді.

         Сол секілді, пайғамбарымыздың (с.а.с.) мүбәрак өмірі, яғни оның туылғаннан бастап, қайтыс болғанға дейінгі өмірбаяны өте анық, жан-жақты, кеңінен риуаят етілген. Бұл риуаяттар жинағы «Сирату ән-Нәби» («Пайғамбар өмірбаяны») деп аталады.

         Қорыта айтқанда, хадис ғалымдарының ұстанымы бойынша, хадис дегеніміз – пайғамбардың (с.а.с.) сөзі, ісі, құптағаны және сипаты мен сахаба-табиғиндерден жеткен деректер.

         Фиқһ негіздері ілімі ғалымдары хадис пен сүннет анықтамасына пайғамбардың мінездік және бейнелік  сипаттары мен сахаба, табиғиндердің сөздерін қоспайды. Себебі, фиқһ үкімдерін шығаруда оларға жүгінілмейді.

         Хадис ғалымдары осы аталған тақырыптарға қатысты әрбір мағлұматты түбегейлі терең зерделеп, кітаптарына енгізген.

  1. Хадистің маңыздылығы

Ислам шариғаты негіздерінің бастауы, шариғат үкімдерін алуда сүйенілетін жалғыз кітап – Құран Кәрім екендігінде дау жоқ. Құран Кәрімге сүйену тікелей Аллаһтың әмірлері мен тыйымдарына мойынсұну арқылы жүзеге асады. Аллаһ тағала пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.а.с.) бүкіл адамзатқа ақырғы елші етіп, оған көктен келген кітаптардың соңғысы болған қасиетті Құран Кәрімді түсірді. Осылайша ол өзіне дейінгі пайғамбарларды растаушы және олардың шариғаттарын толықтырушы, ақырғы пайғамбар болды.

Құран Кәрім – діни әрі болмыс заңдылықтарына қатысты барлық мәселелерді толықтай қамтыған иләһи кітап. Дегенмен, Құран Кәрімде Аллаһтың хикметімен барлық нәрсе ашық әрі егжей-тегжейлі баян етілмейді.

ҚҰРАН КӘРІМНІҢ ТІЛДІК ЖӘНЕ ТЕРМИНДІК МАҒЫНАСЫ

«Құран» сөзінің этимологиясына байланысты ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер бар. Мәселен, кейбір ғалымдар «Құран» сөзін («Һәмза» әріпі «   » («Куран» сөзінің түбірінен болып табылады), -деп) «Һәмзалы» екендігін айтса, кейбірі «Һәмзасыз» деп қарастырған. Әл-Фәрра1 , әл-Әшғари2  сынды ғалымдар «Құран» сөзін «Һәмзасыз» түбірден шыққан дейді. Ал,  имам әш-Шафиғидің пікірі бойынша: «Құран» сөзі қандай да бір сөзден туындамаған, сондай-ақ  «     » – «оқу» сөзінен де алынбаған, ол Аллаһ тағала тарапынан берілген атау». Және. «Құран сөзі «   » («қараә») сөзінен алынған болса, барлық оқылған нәрсе Құран болуы керек еді, бірақ Құран да Тәурат, Інжіл секілді өзіндік бір атау ғана», – деген.

     Әл-Фәрраның көзқарасында Құран – «дәлел, айғақ, ұқсас, байланыс»  мағыналарын ұғындыратын –          («қариннәһ») сөзінің көпше түрі –      («қараин») сөзінен туындаған. Яғни, «      » («қарааин») сөзіндегі «нун» әрпі – сөздің түбірінен екендігін алға тартқан. Өйткені Құран аяттары мазмұн, ырғақ, ұйқас жағынан бір-біріне ұқсап, бір-біріне дәлел болады.

     Әл-Әшғари мен оның пікірін қолдаушылар болса: «Құран сөзі – «бір нәрсені бір нәрсеге жақындату, жалғау»  мағынасындағы «        » («каранә») етістігінен шыққан», – деп мақұлдайды. Себебі, Құран сүрелері мен аяттары бір-бірімен жалғасып келеді. Мысалы, қажылық кезінде «қажылық» пен «Умраны» қосып, жалғағандықтан, оған – «Қиран» деп ат қойылған.

     Ал, әз-Зәжжәж3, әл-Лихяни4 секілді ғалымдар: «Құран» сөзі – «һәмзалы», – деп, «Һәмза» әрпі – сөздің негізгі түбірінен екендігін дәлелдеген.

     Әз-Зәжжәж: «Құран» сөзі – «жинау», «жинақтау» деген мағыналарды білдіретін – «      » («карун») сөзінен шыққан»,- дей отырып, Кітаптың «Құран» аталу себебін: «Бұрын түсірілген қасиетті парақтар мен кітаптардың негізгі қағидаларын, сондай-ақ, өз ішінде күллі ғылымдардың толық қамтылғанына  байланысты солай аталған»,- деп түсіндіреді.

     Әл-Лихяни сынды ғалымдар, араб тілінің көне сөздіктері мен этимология заңдылықтарына сүйене отырып: «Құран» сөзі араб тілінде – «                       » яғни, «оқу» деген мағынаны меңзейтін етістіктен туындаған есім сөз», – дейді.

     Бұл – ең көп оқылатын кітап болғандықтан «Құран» деп аталған. Өйткені, «Құран» – есім сөзі, «исми мафғул» мағынасын білдіреді. Ислам ғалымдарының ең көбі қолдаған көзқарас та осы. Сонымен қатар  олар өз көзқарастарын Құран Кәрімнің:

     «Шын мәнінде, оны (Құранды) жинау әрі оқыту Біздің міндетіміз. Ал, оны (Құранды) оқыған кезімізде, (оның) оқылуына мұқият ілесіп отыр» («Қиямет» сүресі,         ), – деген аяттарымен қуаттайды.

     Субхи әс-Салих5  шығыстанушылардың зерттеулеріне жүгініп, араб тіліндегі «оқу» мағынасын беретін «          » сөзінің арами тілінен енгендігін алға тартады6. Алайда, «оқу» мағынасындағы «       » сөзі исламнан бұрынғы ерте кезден-ақ арабтардың арасында кеңінен қолданыс тауып, кейін ислам дінінің қасиетті кітабының атауына негіз болды.

     Құранның анықтамасы Құран Кәрімнің ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу келе, ғалымдар оған бірнеше анықтамалар берген. Осы анықтамаларды қорыта отырып, Құранға: «Құран Кәрім – Араб тілінде «Фатиха» сүресімен басталып, «Нәс» сүресімен аяқталатын, жадыларда жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша және  жазбаша түрде мутауатир жолмен бір әріпі де өзгеріске ұшырамай жалғасатын, әрі оқылуы ғибадат саналатын, Ұлы жаратушы Аллаһ тағаланың пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) түсірген қасиетті сөзі», – деген анықтама беруге болады.

     Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Құранға берген анықтамасы

     Әл-Харис әл-Ағуар: «Мешітке кірсем, ондағы адамдар бос әңгімеге кірісіп кетіпті. Мен Алиге барып: «Уа, мүміндердің әміршісі! Адамдардың бос сөздерге бой алдырғандарын көрмейсің бе?» – дедім. Ол: «Шынымен солай істеп жатыр ма?» – деп сұрады. Мен: «Иә»,- деп жауап қайтардым. Али: «Мен Аллаһ елшісінің: «Естеріңде болсын, алдағы уақытта бүлік бой көтереді», – дегенін естіп, одан: «Уа, Аллаһтың елшісі! Одан қандай жол арқылы құтылуға болады?» – деп сұрадым. Сонда ол (с.ғ.с.):

«Аллаһтың кітабында сендерден бұрынғы  (елдердің жағдайларына қатысты) хабарлар мен сендерден кейінгі (қияметке дейін орын алатын жайттар хақында) хабарлар баяндалған және араларыңдағы үкімдер бар. Сонымен қатар, ол – ақиқат пен жалғанды ажыратушы, ешқандай бос сөз, әзіл емес. Кімде-кім бір залымнан қорқып, оны тастап қойса, Аллаһ оны құрдымға жібереді. Кімде-кім одан басқа тура жол іздесе, Аллаһ оны адастырады. Ол – Аллаһтың ең бекем арқаны (үкімі). Оның іші даналық пен зікірге толы. Ол – тұп-тура жол. Ол – өзіне бағынғандарды тура жолдан таюдан, өзін оқығанды (тілдерді) шатасудан сақтайды. Ғалымдар оған тоймаған. Оны көп оқушы оқыған сайын жалықпас һәм оның дәмі де жоғалмас. Ғажайыптығы да таусылмас. Оны естіген жындар да: «Біз тура жол көрсеткен ғажайып Құранды естідік, оған иман келтірдік», – деп, таңданысын жасыра алмаған. Құранмен сөйлеген адам дұрыс сөйлейді. Онымен амал еткен адам сый-сияпатқа бөленеді. Кімде-кім онымен үкім етсе, әділдікпен үкім етеді. Кімде-кім оған шақырса, тура жолға шақырған болады», – деді. Кейін Али (р.а.) маған: «Иә, Әғуар, сен де осы сөздерді жадыңда сақта», – деп кеңес берді», – деген7.

  1. Хадис және сүннеттің тілдік және терминдік мағынасы

«Хадис» сөзі исламға дейінгі кезеңде де араб тілінде қолданыста болған. Тілдік тағынан «ескі» сөзінің антонимы «жаңа» мағынасын беретін «хадис» сөзі – «хабар», «сөз» мәніне де келеді. Осы сөзден «Хабар беру», «жеткізу», «айту» сияқты кейбір етістіктер туындайды. Мысалы:


«(Мұхаммед с.а.с.) енді олар бұл сөзге (Құранға) сенбесе, арттарынан кейіп, өзіңді жоя жаздайсың» (Кәһф сүресі, 6);

«Аллаһ аяттары бір-біріне ұқсас қайталанып отыратын, сөздің ең көркемін Кітап түрінде түсірді…» (Зүмәр сүресі, 23) және

«Ендеше, егер олар рас айтушы болса, Құранға ұқсас бір сөз келтірсін» (Тұр сүресі, 34),– деген Құран Кәрім аяттарындағы «хадис» сөзі, хабар немесе сөз мағынасында қолданылып, Құран Кәрім мағынасында да келген.
Ал «Раббыңның нығметінен хабар бер (білдір)» (Дұха сүресі, 11) аятында осы сөзден  «хабар бер», «жеткіз» мағынасындағы етістік туындаған.
Терминдік мағынасы жағынан хадис жалпы пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөздеріне таңылғанымен, ислам ғалымдарының арасында осы сөздің мағынасын анықтауда әр салаға қарай түрлі көзқарастар қалыптасқан.

СҚО: КӘСІПОРЫНДАРДА АЙЛЫҚ АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Солтүстік Қазақстан облысына іс сапары барысында жергілікті кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларына облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлы және «Халал Дамудың» жергілікті маманы Мақсат Аманжолұлы қатысты.

Аудит барысында «Петровское» және «Tezis» сүт өнімдері, «Meat Ecology Products» қасапханасы, «DEZ» ұн өндірісі, «Петропавловский хлебобулочный комбинат» нан өнімдері, «Компот», «CTR Chiken», «Plov Jan» тамақтану орындары, «Happy Cake» кондитерлік цехы, «Сайев» және «Нургужинов» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі ет дүкендері, «Formsan VM6» тағамдық қоспалар өндірісі тексерілді.

«Аудит аясында кәсіпорындардағы шикізат пен тағамдық қоспалардың халалдығы, өндірістің бекітілген халал стандартқа сәйкестігі, санитарлық-тазалық мәселесі қадағаланды. Тексеріс қорытындысына сәйкес, өндіріс орындарының стандарт талаптарын сақтауы, тазалығы, қолданыстағы техникалық құрал-жабдықтар сапасы жоғары деңгейде. Кәсіпорындар бекітілген халал талаптарын толықтай орындауда», – деп хабарлайды А.Асқарбекұлы.

QAZAQSTAN-QYZYLJAR ТЕЛЕАРНАСЫНА СҰХБАТ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Солтүстік Қазақстан облысына іс сапары барысында жергілікті «Qazaqstan-Qyzyljar» телеарнасының «Руханият» бағдарламасына сұхбат берді.

Сұхбат барысында отандық халал индустриясының хал-ахуалы төңірегіндегі мәселелер мен «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымының жұмысы мен бағыт-бағдарына тоқталып өтті.

«Еліміздегі күллі мұсылманның қара шаңырағы Діни басқарманың халал саласындағы ұстанымы – адалдық, халыққа адал қызмет ету. Халал – бизнес немесе ақша табу алаңы емес. Бұл – шариғатымызда бекітілген, қасиетті Құран Кәрімде айтылған, Алланың талабы. Осы жолда әлемдік, халықаралық, отандық деңгейде біраз жұмыстар атқарылуда», – деген А.Асқарбекұлы тілші тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, алдағы күндері солтүстік Қазақстан облысындағы сертификатталған кәсіпорындарда айлық аудит шаралары жүргізілетінін жеткізді.

Return to Top ▲Return to Top ▲