КӨШПЕЛІ УАҒЫЗ КЕРУЕНІ ӨТТІ

Өткен жұма күні ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі өңірдің түкпір-түкпірінде ЖАНТ мүшелерінің қатысуымен «Көшпелі уағыз керуенін» ұйымдастырды.

Рухани шара облыстың 7 ауданын қамтыды. Керуен аясында өңір имамдары «Қайырлы амал – мұсылманның ең үлкен қазынасы» тақырыбында уағыз-насихат айтып, жамағатты ізгілікке, бірлікке, адалдық пен мейірімге үндеді.

Уағыз барысында қайырлы амалдардың қоғамдағы маңызы, мұсылман өміріндегі орны, сондай-ақ күнделікті тіршілікте жасалатын игі істердің сауабы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар дін өкілдері жамағат сұрақтарына жауап беріп, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттады.

Аталған көшпелі уағыз керуенінің басты мақсаты – халықтың діни сауатын арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу және қоғамда ізгі амалдарға деген ынтаны күшейту.

Return to Top ▲Return to Top ▲