«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» АТТЫ ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨТУДЕ

Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен «Имани жаз – 2025» атты жазғы діни сауат ашу курстары өтуде. Бұл игі шара жаз мезгіліндегі балалардың бос уақытын тиімді әрі рухани тұрғыдан мазмұнды өткізуге бағытталған.

Аталмыш курс облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде ғана емес, сондай-ақ өңірдегі барлық аудандық және ауылдық мешіттерде де ұйымдастырылып отыр. Балаларға Құран әліппесі мен ҚМДБ дайындаған «Имандылық әліппесі» кітабы негізінде дәрістер оқытылуда.

Сабақтарды өңірдің білікті ұстаздары жүргізіп жатыр. Бұған қоса, оқушылар үшін түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, күн сайын тәттілер мен жеміс-жидектер таратылуда. Мұның бәрі – балалардың мешітке деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың жүрегінде рухани із қалдыруды мақсат етеді.

Return to Top ▲Return to Top ▲