Мәйiттi шығарудағы жанама нәрселер үкімі

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Мәйiттi жерлеуге көлiкпен апаруға болады, алайда жақын болса жаяу апарған абзал. Көлiкпен мәйiт алдына түсіп жүрмеген жөн. Өйткенi шаң көтерiп немесе батпақтатып мәйiт әкеле жатқан арттағы адамдарға кедергі жасалу мүмкін. Сондықтан мәйiттi шығарып салушылар мәйiт артында жүргені абзал. Ал мәйіт алдынан ұзап кеткен болса жүруге болады. (Оң жақ немесе сол жағында жүруден, артында жүру абзал, тым қалып қоймай жақынырақ болу мұстахаб). Мәйітті шығарып салуда орташа жылдамдықпен жүру мұстахаб.
Мәйiттi қабiрстанға дауыс шығармай апару сүннәт. Құран Кәрім оқып, зікір, өнегелі сөздер айтып дауыс шығару да мәкрүһ. Алланы зікір еткісі келген адам іштей зікір айтсын, сондай-ақ жаназаға шырақ немесе түтін түтеткіш апарылмайды. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадис шаріпінде:

«و لا تتبعوا الجنازة بصوت و لا نار»

“Мәйiттi шығарып салғанда дауыс шығарып та, (шырақ алып та) жүрмеңдер”,– деген.
Шариғатқа терiс iс байқалса, (музыка ойнау немесе әйелдердің айқайлап жылауы және т.б.) оған тиым салу керек. Қазалы үйге көңiл айта келгендердiң мәйiттi қабiрстанға дейiн шығарып салуы және жерлеу рәсiмi бiткенге дейiн күткені абзал. Көңiл айтуға келе тұра жаназа намазына қатыспау – мәкрүһ.

Return to Top ▲Return to Top ▲