Жаназа пәтуасы

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ
اَلْحَمْدُ للهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاَةُ وَالسَّلاَمُ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِينَ وَأَمَّا بَعْدُ
Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен.
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Өлiм хақ және ол әрбiр жаратылған жандының ақыры. Алла тағала Құран Кәрiмде ол жайлы: «Өзектi жанда өлмейтiн пенде жоқ. Сендердiң игiлiктi iстерiңнiң бодауы қиямет күнiнде толық қайтарылады. Тозақтың бетi әрi болып, ұжмаққа кірсеңдер – мұраттарыңа жеткендерiң. Дүние деген – опасыз тiршiлiктiң алдамшы қызығы («Әл Имран» сүресi, 185-аят) «, – дейдi.

Сондықтан әрбір пенде ажал жетпей тұрып Алла тағалаға құлшылық етiп, өзiне жүктелген парыздарды өтеуi тиiс.

Пайғамбармыз (с.ғ.с.) хадис шәріпiнде:

قال صلى الله تعالى عليه و سلم: «أكثروا ذكر هادم اللذات الموت»

«Дүние ләззәттарын жермен-жексен ететін ажалды естерiңе алыңдар»,- делінген.

Жаназа үкімдері қасиетті Құран Кәрім, Имам әл-Бұхаридің «Сахих әл-Бұхари» – «Әл-Бұхаридің сахихы», Имам әл-Муслимнің «Сахих әл-Муслим»-«Муслимнің сахихы» сияқты хазреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың хадис шәріптері, Әбу Ханифа (р.а) мазһабы ғалымдары әл-аллама әл-Хумам Маулана аш-шейх Низамның «Фәтауа әл-Аләмгирия»-«әл-Аләмгирия пәтуалары», «Шарх «әл-Һидая» – «Аш-Шейх әл-Ислам Бурһан ад-Дин ибн әл-Хасан Әли ибн Әбу Бәкр ибн Абд әл-Жәлил әл-Марғинанидің «әл-һидаясына түсіндірме», «Шарх «Фатх әл-Қадир»-«Аш-Шейх әл-Имам Камал ад-Дин Мухаммед бин Абд әл-Уахид ас-Сайуаши әл-мағруф би ибн әл-Хумам әл-Ханафидің «Фатх әл-Қадиріне» түсіндірме», «әл-Бахр ар-Раиқ» Шиһаб ад-Дин бин Ахмад бин Мұстафа» – Шиһаб ад-Дин Ахмад бин Мухаммад бин Мұстафаның «әл-Бахр ар-Раиқы», «әл-Фатауа ат-Татархания» ли-аш-Шейх ад-Даһлауи» – Аш-Шейх ад-Даһлауийдің «әл-Фатауа ат-Татарханиясы», «әл-Жауһарат ан-Наййара» ли-л-Имам Әбу Бакр Әли әл-Мағруф би-л Хаддади әл-Ибади» – әл-Имам Әбу Бәкр Әли әл-Мағруф би-л Хаддади әл-Ибадидің «әл-Жауһарат ан-Наййарасы», «әл-Мухит ли-ас-Сарахси» – Аш-Шейх әл-Алим аш-Шахир Махмұд бин Умар аш-Шағби әл-Ханафи «ас-Сарахсидің Әл-Мухиты», «Табинул хақаиқ» ли-л-Фахр ад-Дин Осман аз-Зайлаъи» – Фахр ад-Дин Осман ибн Али әз-Зайлаъидің «Табинул хақаиқы» секілді т.б еңбектерге сүйеніп жазылды. Өйткені Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары осы мәзһаб бойынша амал етеді. Пәтуада халықтың шариғат үкімдеріне қайшы келмейтін салт-дәстүрлері де ескерілді.

Пәтуа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының күллі облыстардағы өкіл имамдарының қатысуымен ҚМДБ төралқасында талқыланып бекітілген. Барлық жерде орындалуы міндетті.

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ

Қолданылған әдебиеттер

1. «Шарх әл-Хидая», аш-Шейх әл-Ислам Бурхан ад-дин Абу әл-Хасан Али ибн Абубакр ибн Абду-Жалил әл-Марғинани әл-Ханафи (һижри 593 жылы дүниеден өткен).
2. «әл-Кифая фи шарх әл-Хидая», Маулана Жамалуддин әл-Хауарозми әл- Карлани
3. «Фатх әл- Қадир», аш-Шейх әл-Имам Камалуддин Мухаммад бин Абдул-Уахид бин Масъуд ас-Сайуаси әл-Маьруф бин ибн әл-Хумам әл-Ханафи (һижри 681жылы дүниеден өткен).
4. «Әл-Жаухара ан-Наййира», әл-Имам Абубакр Али әл-Маьруф бин Хаддади әл-Ибади (һижри 800 жылы дүниеден өткен).
5. «Шарх әл-Уиқая», әл-Имам Садр аш-Шариф ас-сани Убайдуллах бин Масъуд әл-Махбуби әл-Ханафи (һижри 745жылы дүниеден өткен).
6. «Радду әл-Мухтар», әл-Аллама аш-шейх Мухаммад Амин аш-шахир бин Абидин.
7. «Әл-Мазахиб әл-Арбаъа», аш-Шейх әл-Алим әл-Фадил Абд ар-Рахман әл-Жазари (һижри 1391 жылы дүниеден өткен).
8. «Фатауа Қазихан», әл-Устаз фахр әл-Милла уа-д-дин Қазихан Мухаммад Мансур әл-Аузажанди әл-Фирғанани әл-Ханафи (һижри 295 жылы дүниеден өткен).
9. «Фатауа Алимгирийя», әл-Аллама әл-Хумам Маулана аш-шейх Низам
10. «Иъана ат-Талибин», Зайн ад-дин ибн Абд ал-Азиз ал-Малибари әл-Фани
11. «Әл-Мабсут», әл-Имам әл-Ажал аз-Захид Шамс әл-Аимма Абубакр Мухаммад бин Абу Сахл Сарахси әл-Ханафи.
13. «Жамиғ ас-Сағир», Әл-Имам әл-Фадил Мухаммад ибн Хасан аш- Шайбани
14. «Сахих әл-Бухари», аш-Шейх әл-Имам әл-Хафиз Абу Абдулла Мухаммад бин Исмаил бин Ибраһим бин әл-Муғира (һижри 194 жылы туылған, 256 жылы дүниеден өткен).
15. «Сахих Муслим», аш-Шейх әл-Имам Абу әл-Хасан Муслим бин әл-Хужжаж бин Муслим әл-Қушайри ан-Найсабури (һижри 204 жылы туылған).
16. «Ас-Сираж әл-Уаххаж», әл-Аллама әл-Фадиль әл-Мухаққиқ әл-Камиль аш-Шейх Мухаммад аз-Захри әл-Ғамрауи (һижри 1852 дүниеден өткен).
17. «Әл-Хуласа фи әл-Фатауа», әл-Алим әл-Фадил аш-Шейх Тахир бин Ахмад Абд ар-рашид әл-Бұхари (һижри 542 жылы дүниеден өткен).
18. «Шарх әл-Жамиғ ас-Сағир», Шамс әл-аиммаһ Мухаммад ибн Ахмад бин Әбу Сухайл ас-Сарахси (һижри 483 жылы дүниеден өткен).
19. «Әл-Мұхит әл-Бурханийю фи әл-Фиқһи ан-Нуғмани», аш-Шейх әл-Алим аш-Шахир Махмұд бин Умар аш-Шағби әл-Ханафи.
20. «Әл-Бахр ар-Раиқ шарх канз ад-дақаиқ», Шиһаб ад-Дин Ахмад бин Мухаммад бин Мұстафа (һижри 1192 жылы дүнеиеден өткен).
21. «Шарх манийат әл-Мусалли», аш-Шейх әл-фадил Ибрахим ибн Мухаммад ибн Ибрахим (һижри 956 жылы өмірден өтті).
22. «Муснад әл-фирдаус», әл-алим аш-Шейх Шаһр Дар ибн Шайравияһ ад-Дайлами (һижри 558 жылы дүниеден өткен).
23. «әл-Фатауа ат-Татарханийа», аш-Шейх ад-Даһлауий, тахқиқ әл-Қади Сажад Хусайн. Пәкістан Құран және ислами ғылымдар басқармасы һ. 1411 жыл.

Return to Top ▲Return to Top ▲