САУД АРАБИЯСЫНДА ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ТҰҢҒЫШ ФИТНЕС ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Сауд Арабиясы тарихында тұңғыш рет әйел адамдарға арналған фитнес орталық ашылып отыр. Жидда қаласындағы нәзікжандыларға есігін айқара ашқан орталықтың ашылу салтанатына ханшайым Рима бинт Бандар әл-Сауд қатысып: «Біз сіздер үшін ең озық жаттығу құралдарын таңдадық», – деп, ізгі тілегін жеткізді.

Аталмыш орталықта жаттығу күні мен уақытын, сондай-ақ жаттығу бағдарламасын таңдау әйелдердің өз еріктеріне берілген. Бұған қоса, фитнес орталықтың арнайы мобильді қосымшасы да әзірленген екен.

Return to Top ▲Return to Top ▲