Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша аталмыш басқарманың іс басқарушысы Ербосын Орын және мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жанділлә Бекжігітов облысымызға іссапарамен келіп, өңір мешіттерінің құжаттарын тексерді.
Ең бірінші кезекте аудандық мешіттердің бас имамдарын жинап, кішігірім жиналыс өткізілді. ҚМДБ өкілдері өз сөздерінде ғибадат орындарының заңды түрде заңдастырылуының маңызды екенін атап өтті.
ҚМДБ-ның өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы бұл шараның ойдағыдай өтуін қатаң қадағалады.
Аталмыш шарада ҚМДБ өкілдері аудандардағы мешіттердің құжаттарын, яғни мешіттердің жері мен ғимаратының заңды түрде тіркелуін тексеріп, ескертулер мен ұсыныстар берілді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі