Намаздағы шынайы ықылас

Исламның бес парызының алғашқысы иман болса, екіншісі намаз. Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы, мұсылманның миғражы. Пенде намаз оқу арқылы Жаратқан иесін еске алып, оған жақындай түседі. Намаздың басқа құлшылықтардан ерекшелігі  өзге құлшылықтар періштелер арқылы жерде әмір етілсе, намаз Миғраж түнінде көкте әмір етілген. Сондықтан да пенде намазда тұрғанда Раббысының құзырында тұрады.

Аллаһ Тағала Құранда намазды ықыласпен оқитындар жайлы:

الَّذِينَ هُمْ فِي صَلَاتِهِمْ خَاشِعُونَ

       « Олар, сондаймүміндер, намаздарындаықыластыболғандар.», – деген.[1]

Жәбрейіл ( а.с)  пайғамбарымыздан (с.а.с.) сұрады:

قال يا رسول الله ما الإحسان قالالإحسان أن تعبد الله كأنك تراه فإن لم تكن تراه فإنه يراك

«Уа Расуллуллаһ Ихсан дегеніміз не?», – дегенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.)«Аллаһты көріп тұрғандай құлшылық қылуың, мейлі сен оны көрмесең де Ол сені әрдайым көруші»деді.[2]

Әбу Һурайрадан (р.а) жеткен басқа һәдисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):

عن أبي هريرة رضى الله عنه قال رسول الله صلى الله عليه وسلم إن الله لا ينظر إلى صوركم وأموالكم ولكن ينظرالله إلى قلوبكم وأعمالكم

«Расында Аллаһ Тағала сендердің сырт бейнелеріңе, дүниелеріңе қарамайды, бірақта жүректеріңе амалдарыңа қарайды» – дейді. Ал жүрек болса Иманның ынта ықыласының орны.[3]

Ықылас – таза жүректерге Алла Тағала тарапынан берілетін сый. Хазіреті Әли р.а.:»Амалдың аздығын емес, қабыл болуына көңіл бөл»,- деген. Пайғамбарымыз(с.а.с.)Муаз Ибн Жәбәлға:

أَخْلِصِ العَمَلَ يُجْزِيكَ مِنْهُ قَلِيلٌ

«Өміріңде аз амал етсең де, ықыласты болсаң жеткілікті»,-деген, және басқа хадисінде«Амалдарыңызға әр қашан ықыласты болыңыздар өйткені Алла адамдардың шынайы болғанын қалайды»,- деген.[4]

Ғалымдарымыз намазды ықылас пен оқуға себеп болатын сезімдерді алты топқа бөліп қарастырған:

1.Һудурул Қолб– Жүрегіміздің бізбен бірге болуы

  1. 2. Әттәфәһһум – Оқып жатқан сүрені түсіну

3.Әттәғзиим – Алла Тағаланы ұлықтау

4.Әлһибә – Алла Тағаладан қорқу

5.Әррожә – Алла Тағаладан үміт ету

  1. 6. Әлһәйә – Алла Тағаладан ұялу

 

Алла Тағала құранда:

قَدْ أَفْلَحَ الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ هُمْ فِي صَلَاتِهِمْ خَاشِعُونَ

«Шынында иман келтіргендер құтылды. Олар намаздарында ықыласта тұратындар»– деген[5], албасқа аятта:

وَيَخِرُّونَ لِلأَذْقَانِ يَبْكُونَ وَيَزِيدُهُمْ خُشُوعاً

«Олар жылаған бойда сәждеге жығылады, бұл олардың ықыласын арттыра түседі«-деген[6](Исра сүресі, 109 – аят).

Ықылассыз оқылған намаз жайында Пайғамбарымыз(с.ғ.у.):

عَن أبي هُرَيرَةَ قال:صلى بِنَا رَسُولُ الله يَوماً ثم انصرف فقال: » يا فلان ألا تحسن صلاتك ألا ينظر المصلى إذا صلى كيف يصلى فإنما يصلى لنفسه إنى والله لأبصر من ورائي كما أبصر من بين يدي»

Әбу Һурайра (р.а) айтты:«Бір күніАллаһ елшісі (с.ғ.у.)  бізбен намаз оқыды, оқып болғаннан соң ол (с.ғ.у.):«Ей пәленше! Намазыңды көркемдемейсің бе?! Егер намазхан намаз оқыса қалай оқығандығына қарамай ма?! Ол намазды өзі үшін оқиды ғой. Аллаһпен ант етемін! Мен алдымнан көргенімдей, артымды да солай көремін»,– деді».[7]

Намазды көркемдеу дегеніміз – пенде намазды шынайы ықыласпен оқыуы. Намазда тұрғанда жан – жаққа қарамау, көп қимыл әрекет жасамау, бұл жайында Айша анамыздан (р.а) жеткен хадисте былай делінген:

 

عن عائشة قالت: سألت رسول الله صلى الله عليه وسلم عن الإلتفات فى الصلاة فقال: «هو اختلاس يختلسه الشيطان من صلاة العبد»

«Аллаһ елшісі (с.ғ.у.) намазда жан – жаққа қарау туралы сұрадым, Ол (с.ғ.у.): «Жан – жаққа қарау шайтанның пенденің намазына жасаған ұрлығы»-,деді.»[8]

Пенде намазда жан – жағына жүзімен қарағаны секілді жүрегімен де қарайды. Егер оның жүрегі тынышталмаса,ойы жан – жаққа шашырап, сан қилы істерді ойлайды.Намаз оқыған адам осыдан сақ болу керек.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде:

إن  الرجلين من أمتي ليقومان إلى الصلاة وركوعهما وسجودهما واحد ما بين صلاتيهما ما بين السماء والأروإن

«Менің үмбетімнен екі адам намазға тұрады және екеуі бірдей рукухқа сәждеге барды бірақ ол екеуінің намазында жер мен көктей айырмашылық бар»-,деген.[9]

Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) былай деген:

قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: من صلى ركعتين ولم يحدث نفسه فيهما بشئ من الدنيا غفر الله له ما تقدم من ذنبه

«Кімде кім екі ракағат намаз оқыса, намазында дүниелік істермен айналыспаса (намазын қорқынышпен және ықыласпен оқыса), Алла Тағала оның алдыңғы өткен күнәләрін кешіреді.»[10]

 

Бірде Алла елшісі (с.ғ.у.) намазда сақалымен ойнап тұрған адамды көріп:

ورأى رسول الله رجلا يعبث بلحيته فى الصلاة فقال :» لو خشع قلب هذا لخشعت جوارحه

«Егер адамның жүрегі қорыққанда, оның бүкіл денесі қорқынышта болатын еді»,- деді.[11]

Пайғамбарымыз (с.ғ.у.) айтты:

قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: كم من قائم وليس له من قيامه إلا التعب والنصب

«Қаншама намаз оқитын адамдар бар, олардың намазы тек шаршау мен шалдығу ғана.»[12]

Ықылас жүректің Алла Тағаламен байланысы. Ықыласты құлдарды шайтан оңайлықпен құрығына түсіре алмайды. Егер пенде намазында шынайылық көрсетіп ықыластық танытса, өз кезегінде оны жамандықтан күнә атаулыдан сақтайтыны сөзсіз.

Осыған орай,пайғамбарымыз (с.ғ.у.) дұға қылғанда:

اللهمإني أعوذ بك من علم لا ينفع ومن قلب لا يخشع ومن نفس لا تشفع ومن دعوة لا يستجاب لها

«Аллаһым, пайдасыз ілімнен, ықылассыз жүректен, тойымсыз нәпсіден, қабыл болмайтын дұғадан өзіңнен пана тілеймін»,– деп айтатын.[13]

ҚАРАМЫСОВ КЕҢЕС БЕРДІБЕКҰЛЫ

«Қызылжар» орталық мешітінің азаншысы

[1]Му’минун сүресі, 2-аят

[2]Бухари хадистер жинағы

[3]Муслим хадистер жинағы

[4]Мунауи, фәйзул-қадир, Бейрут, ж.ж., 1-т., 216-б

[5]Му’минун сүресі, 1-2 аяттар

[6]Исра сүресі, 109 – аят

[7]Муслимхадистер жинағы

[8]Бухари хадистер жинағы

[9]Тирмизи хадистер жинағы

[10]Бухари хадистер жинағы

[11]Имам Байхақи, фис-Сунна әл-Кубро

[12]Ибн Мәджә

[13]Муслимхадистер жинағы

Return to Top ▲Return to Top ▲