Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару комитеті департаментінің ұйымдастыруымен теологтар мен психологтарға арналған семинар өтті. Атаулы шараға облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлы қатысты.
Семинар барысында тыңдаушылар қоғамдық келісім мен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың ерекшеліктерімен танысып, Қазақстандағы діни ахуал мен негізгі проблемалар, тенденциялар бойынша ақпарат алды. Шараның мақсаты жат діни ағымдар, діни-экстремистік және деструктивті сипаттағы әртүрлі идеологиялардың таралуына жол бермеу.
Дін саласы күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі деуге болады. Осы тұста қоғам арасында діни ақпарат беріп, халықты экстремистік ағымнан қорғау – теолог-мамандардың міндетіне кіреді. Теологтің де, психологтің де жұмысы түсіндіру және оңалту. Бұл тұрғыда сіздер атқаратын міндеттер өте маңызды,- деді бас имам.
облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі